Кітап

Нетворкинг туралы үздік 5 кітап

Нетворкингке қатысты пайдалы кітаптар

Нетворкинг – кез келген адаммен оңай қарым-қатынас орната білу. Ол адаммен қызметіңіз, мақсатыңыз ұқсас болуы тиіс. Оның пайдасы мол. Ендеше назарларыңызға нетворкинг туралы үздік 5 кітапты ұсынамыз.

«Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз» (Never eat alone), Кейт Феррацци

Автор К.Феррацци «Forbes» журналы бойынша әлемдегі ең ашық адамдардың бірі. Нетворкингтің басты қағидаларымен таныстырады. Кітапта адамдармен танысып қоймай, телефон арқылы дұрыс сөйлесу, кездесудегі ережелер туралы баяндайды. Автордың ойынша, достық, жақындық бірге ас ішуден басталады. Сол үшін араласқыңыз келетін жанды тамаққа шақырыңыз.

«Интровертке арналған нетворкинг» (Networking for people who hate Networking), Девора Зак

Егер сіз тұйық, тез ашыла қоймайтын жан болсаңыз, осы кітапты оқығаныңыз жөн. Автор интроверттерің болмысын өзгертуге кеңес бермейді. Керісінше олардың ерекшелігін бағалайды. Кітапта экстроверт не интроверт екеніңізді анықтайтын арнайы тест те бар. Д. Шынайы болмысыңыздан алыстамай, қарым-қатынас орнату туралы айтады.

«Таныстық бәрін шешеді» (Work the Pond), Дарси Резак

Д.Резак – бизнесмен және психолог. Ол жол жүру, саяхат жасау барысында көп жандармен танысқан. Осыған сәйкес автор мейлі автобус не ұшақ болсын кез келген жерде танысуға кеңес береді. Автор іскерлік кездесулерде өзіңді қалай ұстаудың құпияларымен бөліседі. Кітаптың ерекшелігі жеткізу тілінде. Ертегі іспеттес стильде жазылған.

«Эффективті нетворкинг» (Эффективный нетворкинг), Алексей Бабушкин

Орыс тілінде жарық көрген санаулы кітаптардың бірі. Аталмыш кітап азиялықтарға қолайлы. Кітапта сіз адамдармен емес, олар сізбен танысу үшін не істеу керек екенін түсіндіреді. Ирина Хакамада, Николас Коро сынды белгілі нетворкингі дамыған жандар тәжірибесі баяндалған. Ерекшелігі – кітапта әйелдерге арналған арнайы тарау бар.

   «Нетворкингтің жаңа құпиясөзі», Гил Петерсил

«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген мақал осы кітапқа арқау. Себебі автор неғұрлым досың көп болғаны жөн дейді. Көшеде кезіккен жанмен таныса салмай, сырттай бақылаған және мақсаты бір адаммен танысуға ұсыныс жасайды. Бұдан соң, көп адамның танысқаннан кейін қарым-қатынасты сақтап қалмайды. Бұл дұрыс емес. Автордың айтуынша «Нетворкинг – танысып қана қоймай, ары қарай қарым-қатынасты сақтап қалу». Ол үшін танысқаннан соң 2-3 күн ұзамай сол жанмен кездесу, шайға шақыру және т.б.

Дайындаған: Баймұқан Мөлдір

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!