Миллионер

Нөлден бастаған миллионерлер: жетістіктің тарихы

Нөлден бастаған кәсіпкерлер

Нөлден бастаған кәсіпкерлер бүгінгі таңда әлемнің ең бай адамдарының тізімінен табылады. Олар ерен еңбек пен жігердің арқасында көптеген жетістіктерге жеткен. Әрине, ақыл мен ойды қосқанда. Көптеген кәсіпкерлер жетістікке ата-анасының көмегі арқылы жеткен. Тек олар емес. Олар бәрін нөлден бастаған. Бұл миллионерлердің оқиғалары қызық әрі кез келген адамға сенім мен жігер ұялатады. Balbal.kz сайты еш қаражатсыз бастаған кәсіпкерлер тізімін назарларыңызға ұсынады.

Майкл Рубин

«Kynetic» компаниясының негізін салушы Майкл Рубин көршілеріне түрлі жеміс ұрықтарын сатумен бастаған. 10 жасында кәсіпкер 5 баланы жұмысқа алған. Олар көршілерінің ауласын қардан тазалап берген. Бұл үшін ақы алып, оны айлық ретінде жұмысшыларына бөліп беріп отырған. Майкл 14 жасында өз дүкенін ашып, 23 жасында айналымы 50 миллионды құрайтын компания иегері атанады.

Дастин Московиц

Бұл жігіттің өзге кәсіпкерлер секілді бірнеше ондаған миллиард доллардың иегері болмағанымен, таза еңбегімен табылған 10 миллиард доллары бар. Оған фейсбуктің 7,6 пайыз үлесі тиесілі. Дастин АҚШ-та еврей отбасында дүниеге келген. Әкесі психиатр қызметін атқарған.

Илон Маск

Илон Масктың капиталы 12,3 миллиард доллар деп есептеледі. Ол Дастиннен 12 жасқа үлкен. Ол SpaceX, X.com секілді компаниялардың негізін қалаған. Соңғысы «Confinity» өнеркәсібімен бірігіп, «PayPal» деген атау алған, кейінірек 1,5 миллиард долларға сатылған. Маск Оңтүстік Африка республикасында дүниеге келген. Әкесі кәсіпкер, анасы модель қызметін атқарған. 12 жасында Илон өзінің алғашқы бейне ойынын жасап, оны 500 долларға сатқан. Бұл өз бетімен жасаған алғашқы кәсібі еді.

Ли Кашин

Ли Кашин – Гонконгтағы және Азиядағы ең бай және ықпалды адамдардың бірі. Бұл кәсіпкерді барлығы «Супермен» деп атап кеткен. Оның компаниясы Гонконг қор биржасының 15 пайызына иелік етеді. Ли қарапайым ұстаз отбасында дүниеге келген. Бесінші сынып оқып жүргенінде ол сағатқа арналған бауларды сатқан. Ал біраз уақыттан соң пластмасса шығаратын компанияға жұмысқа орналасады. Ол тәжірибе жинаған соң пластмасса гүл сата бастайды. Ал бірнеше жылдан кейін жеке компаниясын ашады.

Сергей Брин

Сергей Брин «Google» компаниясын құрушылардың бірі. Ол еврейлік математиктер отбасында дүниеге келген. Ол бес жасында АҚШ-қа көшіп келеді. Ал 2016 жылы оның жағдайы 35 миллиард долларға бағаланған.

Шелдон Адельсон

Шелдон Адельсон – ешбір көмексіз өз күшімен көтерілген жан. Қарапайым такси жүргізушісінің ұлы және 12 жасында газет сатқан Шелдон қазіргі уақытта әлемнің ең бай адамдарының бірі. Оның табысының көп бөлігі казино, экспоорталықтар, дүкендер мен отельдер құрылысынан түседі.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!