Психология

Қорқыныш: әрекет ету жолындағы бөгетті жеңу

Қорқыныш несімен қауіпті?

Қорқыныш барлық адамда болатын сыртқы ортаға деген жауап. Дүниеге келгенде адамда қорқыныш сезімі болмайды. Өсе келе биіктіктен қорқу секілді қорқыныш түрлері пайда болады. Ересек өмірге аяқ басқанда сыртқы факторлардың әсерінен қорқыныштың түрлері көбейе түседі. Оларды жеңбесе, әрекетсіздікке ұшырау қауіпі бар.

Қорқынышты қалай жеңуге болады?

Бірінші әдіс. Just do it (ешнәрсеге қарамай жасау)

Өзіңізде әрекет ету әдетін қалыптастырыңыз. Қорқыныштың тек сыртқы әсерлерге деген жауап екенін ұмытпаңыз. Сонымен қатар қорқыныш өз қалауыңызға қарсы жұмыс істегенде пайда болады. Адам өмірінде түрлі шешімдер қабылдап, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл көзқарасын өзгерту әрекет жасағанда ол қорқынышын жеңді деп айтуға болады. Біз жетістікке жетіп дүниеге келмейміз. Бізге берілетін тәрбие де бұл бағытта болмауы мүмкін. Сол себепті жетістікке жету үшін қорқынышты жеңіп алу керек.

Сіз әрекет етпеген сайын қорқыныш ұлғая түседі.

Алдыңызда алып қабырға ретінде шығып, жолыңызды бөгейді. Бұған жол бермес үшін бар күшіңізді жинап, алғашқы қадамды жасаңыз.

Екінші әдіс. Ең нашар нұсқаны бағалап көріңіз

Қорқынышты ақылмен де жеңуге болады. Ол пайда болған кезде оқиғаның ең нашар тұсын ойлаңыз. Оған баға беріп, қандай нәтиже шығауы мүмкін екенін салыстырыңыз. Қорқыныштың ең үлкен қаруы – белгісіздік. Ол сіз үшін үлкен әрі еңсерілмес болып көрінуі мүмкін. Егер ең нашар нұсқаның шешімін тапсаңыз, жағдай соншалықты қиын емес.

Үшінші әдіс. Шешім қабылдау

Шешім қабылдау сіздің күшіңізді жинақтап, алға жетелейді. Өзіңізді үлкен әрекеттер мен шешімдерді қабылдауға бейімдеңіз. Сол кезде қорқыныштың сейілгенін байқайсыз. Қорқыныш сіздің ойыңызда өзіңізді нашар сезінетіндей көріністерді бейнелейді. Бұлар сіздің көңіл-күйіңізді бұзады. Мұндай жағдайға ол бергізбеу үшін жақсы нәрсені ойлаңыз. Позитивті өмірді елестетіңіз.

Төртінші әдіс. Дайындық

Өз қорқынышыңызды білу – жақсы нәтиже. Ендігі сол қорқынышты жеңуге дайындық қажет. Сараптама жасаңыз. Өзіңізге «неден қорқамын?», «қалай жеңемін?» секілді сұрақтарды қойыңыз. Олардың жауабын ойша іздеп табыңыз. Сараптама жасау – қорқынышыңыздың қаншалықты үлкен екенін көрсетеді. Ал жағымды эмоциялар қорқынышқа қарағанда күштірек болып келеді.

Бесінші әдіс. Өзіңізге деген бағаны көтеру

Өзіңізге деген сенімділік көбейген сайын қорқыныш азая түседі. Бұл заңдылықты ұмытпағаныңыз жөн. Өзіңізге деген сенімділік көптеген нәтижелерге алып келері сөзсіз. Себебі сенсеңіз, қолыңыздан келмейтін нәрсе қалмайды. Қарапайым ғана заңдылық.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close