Компас

Париж жайлы қызықты деректер

Париж  – әрдайым армандар қаласы болған қала. Себебі бұл жер романтикаға толы әрі сән әлемінің Отаны саналады. Париждің сәулет өнерінің өзі бір төбе. Балбал порталы «Әлемге саяхат» айдары аясында бүгін Парижге саяхат жасайды.

  • Қаланың негізі осыдан 2000 жыл бұрын қаланған. Алайда құрылғанына бірнеше ғасыр өткен соң ғана мәдениет, сән және білім саласында көшбасшы ретінде танылды.
  • Париж – Францияның астанасы. Бұл статусқа біздің дәуірімізге дейінгі 508 жылы ие болған. Сонымен қатар Францияның ең көп адам шоғырланған қаласы болып саналады.
  • Париж – әлемдегі ең жарық қалалардың бірі. Күн батқан кезде мұнда миллиардтаған лампочка қосылып, қала жарқырай түседі.
  • Қала бірнеше аймаққа, бірнеше ауданға бөлінеді.
  • Эйфель мұнарасын бояуға әр 7 жыл сайын 50 тонна бояу кетеді.
  • Парижде жол жүру белгісі біреу ғана. Ол – «STOP». Оның өзі биік ғимараттардың алдына қойылады.
  • Қалада 1 еуроға эспрессо ішуге болатын 200-ге жуық жер бар.
  • Франциядағы ең қысқа көшенің ұзындығы – 5, 75 метр.
  • Еуропа бойынша жалғыз Диснейленд Парижге жақын орналасқан.
  • 1894 жылы ең алғашқы стриптиз Париже биленген.
  • Эйфель мұнарасын салып жатқанда бір адам көз жұмған. Ол биіктіктен құлаған.
  • Әлемде мұражай көп. Алайда ең көп келушісі бар музей Парижде орналасқан. Ол — Лувр. Негізі 1793 жылы қаланған.
  • Париждегі дүкендер таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде тіпті жабық тұрады. Себебі бұл күні Париж жұрты демалып, күнді көңілді өткізеді.
  • Париждегі Pont Neuf көпірі Франциядағы ең ескі көпір болып саналады. Ол тек Париждің емес, мемлекеттің басты символдарының бірі саналады.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!