Табыс

Инвесторға арналған пайдалы 7 сайт

Инвесторға арналған тегін сайттар тізімі

Инвесторға қосымша ақпарат, сараптама жасау үшін бірнеше платформаны білгені дұрыс. Кәсіби инвесторлар «Bloomberg» және «Eikon» секілді сайттарды қолданады. Ал бастаушы инвесторлар тегін және оңай сайттарды қолданғаны дұрыс. Назарыңызға инвесторға арналған пайдалы сайттар тізімін ұсынамыз.

Kase.kz

Қазақстандық қаржы биржасының сайты инвестор үшін пайдалы ақпарат көзі болып табылады. Бұл жерден нарық өзгерісін, сауда келісімшарттары жайлы мәліметті біле аласыз.

Investing.com

Инвесторларға арналған белгілі әлемдік портал. Порталдың орыс тілді нұсқасы да бар. Активтерді таңдау ауқымы кең. Техникалық анализ жасауға арналған құрал түрлері көп. Бұл құралдардарды онлайн-графиктерде де қолдануға болады.

Google Finance

Өзіңізге қажетті активтер тізімін жасауыңызға болады. Сервис бұларды сақтап, оларды басты бетке шығарып отырады. «Google Finance» арқылы таңдаған активті өзге активтермен салыстырып және  қаржы индексі арқылы тексере аласыз.

Finviz.com

Бұл сайт ағылшын тілінде жұмыс істейді. Порталда онлайн баға белгілеуге арналған құралдар, активті салыстыруға арналған скринер сервисі бар. Сайт шетелдік акциялар, активтерге қызығатын инвесторларға арналған.

Finance. Yahoo.com

«Yahoo» ұсынған қаржы сервисі. «Google Finance» сервисіне ұқсас, бірақ ақпарат көбірек. Порталда активтерді салыстыруға арналған түрлі жоспардағы 6 скринер бар. Инвестициялық қорлар және ETF жайлы ақпараттарды табуға болады. Сервис тек ағылшын тілінде жұмыс істейді.

Dividend.com

Дивиденд төлейтін акцияларға арналған сайт. Параметрлер бойынша іздеуге болады. Әрбір акция жайлы ақпаратты оқуға болады. Оның дивидендтік табысы, алдағы және өткен төлемдер, дивидендтің өсу қарқыны және өзге де мәліметтерді көре аласыз.

REIT.com

Портал жылжымайтын мүлікке инвестиция жасаушыларға арналған. REIT инвесторларын жоғарғы дивиденд арқылы қызықтырады. Заң  бойынша олар акционерлерге пайданың 90% жіберіп отыруы тиіс. Қор дивидендті әдетте квартал сайын төленіп отырады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!