Табыс

Кризистен шығу. Қуаныш Шонбай мен Марғұлан Сейсембай диалогы

Кризистен аман шығайық!

Кризистен бірден құтылып кете алмайсыз. Оны өз әсері болады. Бірақ сол кризистен аман шығаратын жолдар бар. Balbal.kz мотивациялық сайты Қуаныш Шонбай мен Марғұлан Сейсембайдың тікелей эфирін тамашалап, материал ретінде дайындады. 

Қуаныш Шонбай – табысты кәсіпкер, танымал ресторатор және оратор. Rumi Group компаниясының негізін салушы.

Марғұлан Сейсембай – қазақстандық кәсіпкер, «СейМар» компаниясының  негізін салушы, «Альянс Банк», «СтарБанк» АҚ акционері, Қазақ меценаттары тобының мүшесі. Ол еліміздегі үздік 50 бизнесмен қатарына кіреді.

Кризис неден болады?

Кризис америкалық құнды қағаздармен анықталады. Егер құнды қағаз 20%-ға дейін төмендесе – коррекция, ал 20%-дан асса, кризис болады. Қазіргі таңда олар 30 %-ға төмендеді. Ал 2001 жылғы кризис кезінде 51%, 2008 жылы 48%-ға төмендеген. Шетелдік компаниялардың құнды қағаздары төмендегеннен кейін олар инвестиция тарта алмайды. Инвестиция болмағасын шикізатқа сұраныс төмендеп, девальвация басталады.

Кризис қаншаға созылады?

Әлемдік экономика 7-10 жыл аралығында дамып, өскеннен кейін төменге түседі. Кризистен соң қалпына келу процесі басталады. Кризис шамамен 2-2,5 жылға созылуы мүмкін. Қалпына келіп көтерілуіне шамамен 2,5-3 жыл кетеді.

Кризис кезінде несиені жабу

  1. Валюталық несие

Валюталық несиелерді жауып тастаңыз.

  1. Теңге түріндегі несие

Мемлекет несиені әзірше төлемей тұру туралы айтқан болатын. Сол сөзге құлақ асқан жөн. Пайыздық үстемесі 12%-дан аспайтын несиелерді жабуға асықпаңыз. Девальвация кезінде ұтылыста боласыз. Ал 12%-дан жоғары несиелерді жаба берген дұрыс.

Кризис кезінде кәсіп жүргізу

  1. Сұранысты зерттеу

Сұраныс кризиске дейін, кризис кезінде және кризистен кейін деп ауысады. Саланы зерттеп шығыңыз. Кризистің болуы сұранысты өзгертеді. Қазіргі оқиғаларды ескеріп, медицина жағына көңіл бөлген жөн: маска тігу бизнесі, бадтар, дәрумендер, антисептик. Одан бөлек онлайн дәріс жүргізу, курьерлік қызмет өзекті.

  1. Шығынды азайту

Қазір мейрамхана ісі, туризм, ойын-сауық бизнестері жүрмейді. Сол себепті бизнесті тоқтатып, офисті жабу керек. Сол арқылы мекеме ақысын төлемейсіз, жұмыскерлерді босатасыз. Егер кәсіптен пайда келмесе, шығын шығармай, тоқтата тұру керек.

  1. Клиентпен қарым-қатынас

Қазіргі таңда бизнесіңіз уақытша тоқтап қалса, құр отырмаңыз. Карантин біткеннен кейін де клиент сізге оралуы керек. Сол себепті клиенттердің поштасына немесе нөміріне мейрамға тілектер, пандемия құтылу шаралары (екеніңізді білдіріңіз. Егер шама келсе, кішігірім маска сияқты сыйлық беріңіз.

Кризис физикасы

Кризис басында қауіп, кейін мүмкіндікке айналады. Қауіп кезеңі кемінде бір жылды қамтиды. Кризистің осы алғашқы кезінде бизнес бастау тиімсіз. Салаларға инвестиция құймаңыз. Қауіп кезеңіндегі әрекеттер:

  1. Ақша жинау

Ақшаны мүмкіндігінше банкке емес, үйде ұстаңыз. Себебі кризис кезінде банк бірінші құлдырайды. Салған күннің өзінде тек сенімді банкке жүгінген жөн. Оған өзге валюталармен сақтағаңыз. Теңгемен сақтап жүріп, жеңіліп қаласыз.

  1. Сату-сатып алу

Артық мүліктерді, жоспарлап жүрген затыңызды тезірек сату керек. Күткен сайын оның бағасы құнсызданып кетеді. Шығын әкелетін заттарды сатып алмаңыз. Жаңа көлік, жиһаз, пәтер сияқты мүліктерді әзірге алмаңыз. Тек пайда әкелетін заттарды алу керек.

  1. Жұмыс

Өз компанияңыздың жұмысын тоқтата тұрған дұрыс. Оның есесіне басқа компанияға жалдамалы жұмыскер, фрилансер болыңыз. Осы арқылы табыс ала тұрыңыз.

Карантин кезінде өзіңізді дамыту

  1. Күнделікпен жұмыс

Ұсақ-түйек, көңіл бөлінбейтін заттарға енді көңіл бөліп, ретке келіңіз. Күнделіктегі жазбаларды бір оқып, тізімдерді тексеріңіз. Телефондағы Notes бөлімін дұрыстаңыз. Істеу керек, көру керек, оқу керек деген істерді тындырыңыз.

  1. Поштаны реттеу

Mail, Whatsapp, т.б. жерлерде хабарламалар толып қалады. Соны тазартып, реттеңіз. Робот алгоритмін қондырыңыз. Робот алгоритмі былай жұмыс істейді: белгілі бір адам немесе белгілі бір сөзі бар хабарламаларды папкаға жинайды. Сол арқылы келесіде іздеп отырмай, бірден папкадан тауып аласыз.

  1. Теңге сценарийі

Жоспар құрыңыз. Теңге сценарийін жасап, алдын-ала дайындалу керек. Доллар бағасы 500 , 600, 750 болғанда менің кәсібім қалай дамиды, қалай әсер етеді, не өзгереді деп қамданыңыз. Сол кезде күрт өзгерістерде қиналмай, ойластырған сценарийді еске алуыңызға болады.

Мүмкіндікті көру

Мүмкіндік бәріне бірдей беріледі. Бірақ оны бәрі бірдей қолдана алмайды. Мүмкіндікті пайдалана алу үшін не керек:

  1. Білім

Кітап, видео, дәріс, кино, т.б.

  1. Қабілет

Қызығушылық, тәжірибе.

  1. Әлеуметтік инфрақұрылым

Дос, таныс, туыс, клиент яғни адамдар.

  1. Ресурс

Ақша, уақыт, энергия.

Жетістік = мүмкіндік + дайындық

Өзіңізге қалай көңіл бөлу керек?

22-23 жас – білім алыңыз;

23-30 жас – қабілетіңізді анықтаңыз (өзіңізді әр салада байқап көру, орныңызды табу);

30-35 жас – әлеуметтік инфрақұрылым орнатыңыз (байланыс орнату, танысу):

35-45 жас – ақша табуға ден қойыңыз (табыс әкелетін салаға ақша құю, табыстың 80%-ын инвестицияға құю);

45 жастан асқандар ақшаны өз қалауына жұмсай алады. Бірақ табыстың 50%-нан  артық алмаған жөн.

Пәтер, көлік дегенді тек осы кезеңде алған жөн. Оған дейін жалдамалы пәтер, жалдамалы көлікті пайдаланыңыз. Жас кәсіпкер өз табысының 15-20%-ын ғана өзіне жұмсай алады. Пәтердің бағасы бір жарым жылдық табыспен тең болған кезде ғана сатып алуға болады. Одан қымбатын алмаңыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!