Табыс

Онлайн жұмыс. Қашықтықтан атқарылатын жұмыс түрлері

Онлайн жұмыс істеп көріңіз!

Онлайн жұмыс жаңа технологияның дамуымен жедел таралу үстінде. Түрлі жаңа мамандық түрлері пайда болды. Ал кейбірі ғаламтордың қолжетімділігімен байланысты жұмыс орнын қажет етпейді. Жаңа технологиялардың дамуы жаңа онлайн жұмыс түрлерінің пайда болуына да әсер етті. Онлайн жұмысты мүгедектігі бар жандар да атқара алады. Тек бірнеше талаптарға лайық болсаңыз жеткілікті. Назарыңызға үйден істеуге болатын жұмыс түрлерін ұсынамыз.

Вебмастер

Вебмастер – интернеттегі танымал мамандықтардың бірі. Вебмастер ғаламтор арқылы веб-сайт құру және ұйымдастырумен айналысады. Қарапайым тілмен айтқанда ол сайт жасаушы. Тапсырыстарды «Freelancer» биржасынан табуға болады. Бұл платформаға Америка, Азия, Еуропа елдерінен тапсырыс берушілер тапсырыстарын енгізеді. Вебмастер жұмысы сайт жасаумен, дизайнын өзгертумен, ұйымдастыру және сайтты қолдау жұмыстарымен байланысты.

Копирайтер

Пайдалы әрі сапалы жазылған материалдар қандай сайтқа болмасын қажет. Бұл жұмыспен кім айналысады? Сайттарға сапалы мәтін жазу – копирайтердің қызметі. Копирайтер – ғаламтордағы мәтіндік контент жасаушы адам. Копирайтерге копирайтинг, рерайтинг, жарнамалық копирайтинг, SEO және SMM копирайтинг салаларын білу міндетті.

Фотограф

Интернет фотографы – суреттерді қашықтықтан өңдеуші маман. Сайттағы немесе жеке парақшадағы суреттердің сапалы болуы үшін ғаламтор фотографы сапалы өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Кейде фотограф белгілі тауардың суреті немесе нысанды суретке түсірумен айналысады. Ғаламтор фотографы редакторлық программалар мен қосымшаларды жетік білуі тиіс. Сапалы суретке түсіру қабілетінің болуы да шарт.

Контент-менеджер

Контент-менеджер сайтты тақырыптық контентпен толықтырушы маман. Ол жаңалықтар, мақалалар, суреттер, тауардың сипаттамасы секілді материалдарды жариялайды. Контен-менеджер сайттың белсенділігі, пікірлердің негізгі модераторы болып табылады. Мұндай мамандар ауызша және жазбаша сауатты, кез келген сұрақтың жауабын таба алуы тиіс. СМS жүйелермен жұмыс істей алуы міндетті. Кейде редакторлық программалардың да қажеттілігі туындайды.

Веб-дизайнер

Веб-дизайнер – интернет қорын жаңа дизайндық үлгімен толықтырушы маман. Ол сайттың қызықты интерфейсін жасаумен шұғылданады. Оның дизайндық үлгілері есте сақталуы тиіс. Веб-дизайнердің міндеті дүниеге қызықты әрі қолданысқа жеңіл веб-сайттар әкелу. Оның негізгі жұмысы бастапқы бет дизайнын, сайт үлгісін, брэндбук жасаумен тікелей байланысты. Веб-дизайнер болу үшін редакторлық жүйелер мен қосымшаларды жоғарғы деңгейде білу міндетті. Графикалық дизайн саласын жетік меңгеруі шарт.

ІТ-бағдарламашы

ІТ-бағдарламашы (Developer) – ғаламтордағы негізі ІТ-мамандардың бірі. Тәжірибе мен жүйе тілін меңгеруіне байланысты жұмыс беруші оның жұмысын 10 000-нан бірнеше ондаған мың теңгеге бағалауы мүмкін. ІТ-бағдарламашы қосымшалар мен жүйелерді жасаумен шұғылданады. Базалық мәліметтермен жұмыс істеп, жүйелік кодтарды енгізеді.

Дайындаған: Назархан Уән 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close