Табыс

Пассивті кіріс: Барлығына арналған 4 әдіс

Пассивті кіріс деген не?

Пассивті кіріс – қосымша табыстың керемет түрі. Ол артық уақыт пен күш-жігерді қажет етпейді. Сонымен бірге өзіңізді қосымша қаржымен қамтамасыз ете алады. Ақша құйып, пассивті кіріс алуға болатын нұсқаларды назарыңызға ұсынамыз.

Индекстік қор

Акцияға инвестиция жасағысы келетіндерге арналған әдіс. Фонд инвесторды «Қандай акцияны сатып алу қажет?» секілді сұрақтан босатады. Мұндай сұрақтарды қордың өзі шешеді. Ол нақты индекс бойынша инвестиция портфелін жасайды. Қазіргі кездегі танымал индекстік қор – S&P 500.

Индекстік қор мөлшері, бағасы, географиялық орналасуы ұқсас акцияларды біріктіреді. Акциялар осы мінездемелер шегінен шығатын болса, сатып отырады. Инвестор кез келген бағытта жұмыс істейтін қорды таңдай алады: банк саласынан қымбат материалдарға дейін. Қауіп барлық бағалы қағаздар саласындағы қауіппен бірдей. Акция бағасы төмендеуі мүмкін немесе компания осы жылғы дивидентті төлемеуі ықтимал.

Кредиттік және дебеттік карталардағы кэшбек

Басты кемшілігі – табыс мөлшері аз және банк талаптарын қабылдау міндетті. Әдетте бонус қайтарылуы үшін картада белгілі сомма мөлшері болуы тиіс немесе шығын белгілі шамадан асуы керек. Бұл әдіс картамен сауда жасайтын жандар үшін тиімдірек болып табылады. Кэшбек пассивті кірістің қарапайым түрі болып табылады.

Барлық банктерде өзіндік бонустық жүйесі болады. Ол әр банкте әр түрлі. Сонымен қатар бонусты қайтару шарттары да түрлі болады.

Жылжымайтын мүлікке инвестиция

Жылжымайтын мүлікке инвестиция құю назар салуды қажет етеді. Бірақ мұндағы табыс мөлшері айтарлықтай жоғары. Кірісті көбейту үшін пәтерді жалға беруге болады. Бірақ мұнда қатер көбірек. Себебі әрбір жалға беру кезінде барлық жағдайды назарда ұстау керек. Түскен пайда арқылы несиені төлеуге де болады немесе болашақ жоспарлар үшін жинай аласыз.

Кіріс пен жалға беру мүмкіндігі мына жағдайларға байланысты: орналасу аумағы, жалға беру түрі, салық түрі. Қазір кейбір компаниялар сіздің жылжымайтын мүлкіңізді уақытша басқаруына алады. Бұл жағдайда сіз клиент табу, қауіпсіздік секілді сұрақтарға жауап бермейсіз. Ал компания кірістің белгілі пайызын өзіне алып қалып отырады.

Пассивті бизнес-серіктестік

Көптеген стартаптар іске асуы үшін капитал қажет. Ал компаниядағы бөлік үшін инвестор осы қаржыны ұсына алады. Бұл жағдайда компанияның жұмысына негізін салушы адамдар жауап береді. Ал сіз пассивті серіктес ретінде кірістің бір бөлігін иеленесіз. Кемшілігі – компания тоқырауға ұшырауы мүмкін. Сонымен бірге адами факторларды да естен шығармаған жөн.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!