Табыс

Сауда бастайтындарға арналған 20 кеңес

Сауда бастайтындарға құлаққағыс

Сауда бастау – ең маңызды істердің бірі. Көп адам саудамен айналысқысы келгенмен істі бастау олар үшін қорқынышты. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты бизнесте кездесетін жағдайларды ескере отырып, сауда жүргізудің алғышарттарымен бөлісетін болады.

 Жарнама

Көбі жарнама жасауды дүкен ашылғаннан кейін бастайды. Алайда сауда жасаймын деп шешкеннен бастап әлеуметтік желілерде белсенді болыңыз. Танымал дүкеннің ашылуын тұтынушылар тағатсыз күтетін болады. Дүкеннің ашылуына дейін сізде жарнамалық материалдар дайын болу керек: Тарату парақшалары, визит картасы, т.б. Көше бойында үлкен маңдайшалар мен навигациялық жарнамалар көп болғаны дұрыс. Бастысы мақсат – бизнесті таныту.

Сайтта не жазылу керек?

Сайттың болуы маңызды. Тұтынушы дүкен туралы көбірек білгісі келеді. Сайтта қысқаша тарихы, байланыс нөмірлері болғаны дұрыс. Ең бастысы, тауарлардың каталогын жасаңыз. Бағаларын қасына жазып қою керек. Көбіне бағаны жасырып, «жекеңізге жазамын» деп жатады. Мұндай қатынас көбісіне жаға бермейді. Тұтынушыларды ашықтық қызықтырады.

Сапалы фотолар. Тауар түрлерінің суреттерін, ал қызмет түрі болса, жұмыс барысы мен нәтижесін салып отырыңыз.

Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желінің белсенділігі сайттыкіне қарағанда маңыздырақ. Мұндағы мақсат – оқырмандарды тірілту. Фото және астына бағаны жаза бергеннен парақшаңыз пайда әкелмейді. Оқырмандармен кері байланыс орната отырып, тауарларыңызбен конкурс ұйымдастырыңыз, өз салаңызға қатысты кеңестер жариялаңыз. Оқырмандарыңыз тұрақты тұтынушыға айналу керек.

Орналасқан жері

Бизнесті дөңгелетіп әкету үшін дұрыс мекеме таңдаңыз. Сіз орналасқан жерде халық көп болу керек. Тіпті ойламаған адамның өзі қызығып кіріп көреді. Адам аз ауданнан жер таңдасаңыз, жарнамаңыз қанша мықты болса да сізді іздеп баруға ерінеді.

Кейін екінші дүкенді ашу үшін көшелерді жаяу аралап, бос мекемелер мен хабарландыруларды қарап көріңіз. Алғашқы мекемелерді жай қарап шығыңыз. Оған дейін кім орналасты, не үшін кетіп қалды деген сұрақтарды қарастыра жүріңіз. Бірден орналасып алмаңыз. Әлеуметтік желілерде оқырмандарыңыздан сауалнама алсаңыз болады.

Көрнекілік

Дүкен алыстан-ақ көріну керек. Ол үшін дүкен алдында үлкен маңдайша тұрғаны абзал. Не болмаса жарнамалық бағандардың бірнешеуін алып қойыңыз.

Мәселелер

Алғашында мәселелер көп болады. Сол себепті асығыстық жасамай, ойланып қадам жасаңыз. Санитарлық техника, көршілер, бақталастар және т.б. туралы ақпарат алуға ұмтылыңыз.

Жөндеу жұмыстары

Ең қате шешім – хабарландыру немесе интернеттегі жарнамадан көріп жұмысшыларды шақырту. Біріншіден, олардың қаншалықты сапалы екенін білмейсіз, екіншіден, ондай адам бағаны дұрыс қоймауы мүмкін. Ең алдымен жөндеуге кететін орташа шығынды біліп алу керек. Өзіңіз бұрыннан танитын не сенетін адамға барып, сметасын шығарып беруін өтініңіз. Осы кезде қажетсізін тізімнен алып тастаңыз. Мысалы, еденді желіммен қаптау, т.б. Электр нүктелерін санап, қанша керек екенін айтуды ұмытпаңыз. Кейін сол бағаны ұсынып, компаниялармен келісесіз.

Қарапайым істерді жақындарыңызбен бірлесіп істеуге болатынын ұмытпаңыз.

Жұмыс кестесі

Егер дүкен 9:00-21:00 аралығында ашық болатын болса, онда дәл 9:00-ды күтпей, ертерек ашыла беру керек. Сіздің ретке келу, орналасу, т.б. істеріңізді тындырамын дегеніңізді тұтынушы күтпейді. Ал кешкі жабылатын уақыт дәл 21:00-ден жабылмау керек. Көп адамдар тақалған уақытта әрекет етеді. Сауда да солай. Тұтынушылар әбден кеткеннен кейін барып дүкенді жабуға қамданыңыз.

Баға белгісі

Бағаны жасырмау керек. Клиентке кез-келген тауарды белгілі бір соммаға жобалап келеді. Барлық тауарға баға белгісін жабыстырып қойыңыз. Қазіргі таңда бағаларды көрсететін электронды есеп тақталары бар, соны енгізіңіз.

Жеңілдік

Шектен тыс жеңілдік жариялай бермеңіз. Ондай кезде клиенттер тек акция күні ғана келіп, қалған күндері дүкенге келудің қажеті жоқ екенін түсінеді. Жеңілдіктерді белгілі уақыт аралығына ғана жариялаңыз. Мұндай мүмкіндіктің туа бермейтінін түсіндіру керек.

Ассортимент

Таңдау көп болған сайын сауда қыза бастайды. Сондықтан басқаларға қарағанда сізде тауар түрі көбірек болу керек. Тауардың бір түрі бітіп қалмауын қадағалап отырыңыз.

Қызмет көрсету

Клиенттердің қайта оралуын немесе енді келмей кетуіне жауапты адам – ол сатушылар. Әрдайым күлімсіреу, амандасу сияқты қарапайым ережелерді үйретіңіз. Тәжірибелі сатушыларды алған дұрыс.

Тазалыққа мән беріңіз. Жинақы емес әрі тазалығы сақталмаған жерлерде жүру жағымсыз әсер береді. Клиенттер мекемеден кеткенше асығады. Сол себепті қызмет көрсетуге ақшаңызды үнемдегеннен пайда жоқ.

Касса

Кассамен жұмыс – ең қиын нәрсе. Себебі сенімді адам болмаса, ақша жоғалып кету мүмкін. Сол себепті қатаң қағидалар енгізіңіз. Үш сағат сайын кассадағы ақшаларды қайта санау, ауысымды бастау және аяқтау кезінде есеп бергізіңіз.

Кассир үшін маңызды нәрсе – мұқият болу және сабырлық таныта білу. Әрдайым есепті дауыстап айтуын талап етіңіз. «Сізден 1800 теңге, 2000 теңге бердіңіз, 200 қайтарамын» деген сияқты. Осы арқылы оған ойланып алуға мүмкіндік беріледі.

Инвентаризация

Инвентаризация дегеніміз – тауарды түгендеу және тексеру. Сіз басшы ретінде кестедегі уақыттан бөлек кенеттен тексеруге құқылысыз және міндеттісіз.

Тауарды тізіммен тексермеңіз. Ондай жағдайда тауарлар тізімге енгізіліп, қайта топтастырылып немесе құжаттан көрі қалдықтардың көп мөлшері жасырылуы мүмкін.

IT-технология

Егер бизнесіңізді технологиялармен қамтамасыз ету қолыңыздан келсе, бұл ойды іске асырыңыз. Себебі ондай технологиялардың эффективтілігі жоғары және айлықты талап етпейді. Жаңа технологиялар клиенттерді де қызықтырады. Жаңашылдықты көру үшін олар дүкенге баратын болады.

Клиент назарын аудару

Клиенттің қалауын таба біліңіз. Ол дегеніміз – олардың жағдайын жасау емес, оларға ұнамайтын факторлармен күресу. Мысалы, дүкен жанындағы сынған ағаш, бағаның кішкентай шрифтпен жазылу және т.б.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!