Миллионер

Уоррен Баффеттің оқиғасы: 5 доллардан миллиардқа дейін

Уоррен Баффеттің жетістік оқиғасы

Уоррен Баффеттің өмірлік жолынан мотивация алуға болады. Ол әлемдегі бай адамдардың тізімінде 3-орынды иеленеді. Биржаның алыбы кәсіпкер табыс табуын бала кезінен бастаған. 90 жасқа келген Уоррен Баффет бүгінгі таңда «Berkshire Hathaway» компаниясының директоры және барлық акциясының иегері. Ол бұдан бөлек бірнеше ірі корпорацияның басшысы болып табылады.

«Ұлы спекулянттың» алғашқы қадамдары

Уоррен Баффеттің биржаға деген қызығушылығын әкесі оятқан. Ол 6 жасында дүкеннен 6 банка «Кока-Кола» сатып алған. Оны өз отбасына екі есе бағамен қайта сатады. 11 жасқа келгенінде спекуляциямен шұғылдануды қолға алады. Әпкесі Дористен 38 доллар қарызға алып, «Cities Service» компаниясының 3 акциясын сатып алады. Бірақ бірнеше күн өткен соң оның бағасы 27 долларға түсіп кетеді. Кейінірек ол акциялардың бағасы 40 долларға теңеледі. Уақыт жоғалтқысы келмеген Уоррен бірден өз акцияларын сатады. Осылайша өзінің алғашқы 5 долларын табады.

Қызығы, дәл осы акциялар бірнеше күннен соң әрқайсысының бағасы 200 долларға дейін көтеріледі. Осы кезде Уоррен өмірден алғашқы сабағын алады: шыдамдылық өз сыйлығын бермей қоймайды. Бұл әдіс әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған. Белгілі биржа мамандарының арасында алтын қағидаға айналып үлгерген.

Алғашқы жұмыс пен алғашқы жалақы

13 жасқа келгенде Уоррен өз бетімен жұмыс істегісі келеді. «Washington Post» газетіне корреспонденция таратушы болып жұмысқа орналасады. Алғашқы жалақысы 175 долларды құрайды. 15 жасында өзінің серіктесін табады. Өзінің ең жақын досын 25 долларға ойын автоматын сатып алуға көндіреді. Бұл аппаратты шаштараздың ішіне орналастырады. Бірнеше ай өткен соң олар автомат ойындарының желісін жасап үлгереді. Қаланың әр жерінен бұдан бөлек тағы 3 автомат орнатады.

1947 жылы мектепті үздік бағамен аяқтайды. Жасөспірім өз болашағын ойлай бастайды. Себебі жалданып жұмыс істеу оған миллион алып келмейтінін түсінді. Осы уақытта оның табысы 5000 долларды құрайды. Ал қазіргі ақша бағамымен бұл 42 000 долларға тең.

Алғашқы миллионға қадам

Уоррен Пенсильвания университетінің қаржы факультетіне оқуға түседі. Университетте ол 2 жыл оқиды. Бұдан кейін «Alfa Sigma Phil» атты оқу орнына түседі. 1950 жылы кәсіпкер өз оқуын аяқтайды. Осыдан кейін Вашингтон қаласындағы кәсіпкерлер мектебіне оқуға аттанады.

Бұл жерде оған Бенжамин Грэхэм мен Дэвид Додд секілді өз ісінің майталмандары сабақ береді. Грэхэмнің сабағынан Уоррен тек жоғары бағаларды алады. Бірақ Грэхэм оны өз компаниясына жұмысқа алмайды. Ол өзінің туған қаласында сату жөніндегі менеджер болып жұмысқа орналасады. Бірақ нарық пен биржадағы өз жұмысын тоқтатпайды.

Өз әкесінің компаниясында жұмыс істеген Уоррен 6 жылда 140 000 доллар табыс табады. 22 жасында Сюзанна Томсонмен отбасын көтереді. Ал 1954 жылы Грэхэм Баффетті өз компаниясына сарапшы ретінде жұмысқа шақырады. Бұл жерде ол 2 жыл жұмыс істейді. Көп тәжірибе жинап, өз мақсатына бір табан жақындай түседі.

Өзі туып-өскен Омаха қаласында Уоррен алғашқы компаниясының негізін салады. «Buffet Partnership Limited» деп аталған компанияға оның отбасы 105 000 доллар ақша салады. Ал Уоррен небәрі 100 доллар ғана бөледі. Себебі жұмыс жүрмей қалған жағдайда екінші жоспардың болуын қарастырады.

Бұдан кейін Уоррен «Кока-Кола», «Walt Disney», «MacDonalds», «Wells Fargo Bank» секілді ірі компаниялардың  акцияларын сатып ала бастайды. Өз шыдамдылығының арқасында Уоррен 31 жаста миллионер атанады. Ал қазір оның жағдайы 81,7 миллиард долларды құрайды.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!