Таным

Бизнес саласындағы кәсіби терминдер

Бизнесте кеңінен қолданыста жүрген терминдер тізімі

Бизнес өзге салалар сияқты белгілі бір терминдерден тұрады. Кез келген кәсіп иесі немесе бизнес бастаймын деушілер оны білуі керек. Назарларыңызға кеңінен қолданыста жүрген бизнес-терминдер тізімін ұсынамыз.

А/В тестілеу – тауардың екі нұсқасын салыстыру. Бұл арқылы қай тауардың тез сатылатынын немесе тиімді екенін тексеруге болады.

Блеймсторинг – мақсатқа жетуге кедергі болған факторды немесе адамды ұжым болу іздестіру әдісі.

Бутстреппинг – компанияны сырттан қаражат іздемей-ақ, өз қаржысымен қамтамасыз ету.

Бенчмаркинг – компанияның көрсеткішін жалпы саланың орташа көрсеткішімен, бәсекелестердің статистикасымен салыстыру.

Ашық мұхит (гроубой океан) – бәсекелестік жоқ жаңа сала.

Дауншифтинг – жалақы және мансаптан бас тартып, «өзі» үшін өмір сүруді дәріптейтін өмірлік философия.

Дисижнмейкер – шешім қабылдайтын маман. Бұл термин сату бөлімінде маңызға ие.

АТ-евенгелист – ақпараттық технологиялар саласында насихаттаумен шұғылданатын маман.

Краудинвестинг – онлайн-сервистер арқылы инвестиция жинау процесі.

Краудшиппинг – қажетті маршрут арқылы жүретін қарапайым турист немесе жолаушы арқылы тауарды жеткізу.

Маркетингтік лид – сайтта байланыс нөмірін қалдырған тұрақты клиенттер немесе тауарға қызығушылық танытқандар.

Митап – тәжірибе алмасуға немесе мәселелерді талқылауға бағытталған мамандардың кездесуі.

Необанктер – қызметті ғаламтор арқылы көрсететін банктер.

Перфоманс-менеджмент – мамандардың кәсібилігін, мақсатқа жету процесін бақылауға бағытталған басқару үлгісі.

Пивот – бизнес-үлгіні, тауарды немесе стартаптың саласын өзгерту.

Прекариат – жүктелген міндетті уақытша орындайтын мамандар.

Роадмап – компанияның алдағы әрекеттерін жоспарлау.

Токен – инвестордың кәсіпорыннан алып отыратын цифрлық активтері.

Трекшн – белгіленген уақыт аралығындағы жобаның алға жылжуын, коммерциялық көрсеткіштерін бақылау.

БСҰ (бірегей сауда ұсынысы) – компанияның бәсекелестерден артықшылығын көрсететін ұсыныс.

Экзит – компаниядағы үлесті сату.

ARR (Annual Recurring Revenue) – жаңарып отыратын жылдық табыс.

Burn rate – ай сайынғы компанияның шығыны, орта есеппен алынады.

MVP – тауардың қарапайым прототипі. Бұл нарықтағы сұранысты тексеруге арналады.

CPC – ғаламторда жарнама беру. Сайт иесі өз сайтында жарнаманы орналастырады. Ал клиент оның қаржысын төлейді.

Churn rate – компаниямен қарым-қатынасты тоқтатқан тұтынушылар саны.

Deadlock – бірнеше процесстің бір-біріне бөгет жасағандықтан тығырыққа тірелуі.

MRR – ай сайынғы өзгеріп отыратын табыс мөлшері.

NPS – клиент тәжірибесін және компаниямен қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін құрал.

ROI – инвестицияның ақталуы. Әрбір жұмсалған қаржыдан түскен пайда мөлшері.

UGC – тұтынушылық контент. Клиенттердің пікірі негізінде пайда болған контент.

 

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!