Біліп жүр

Ғарышкер боламын десеңіз

Ғарышкер болуды миллиондаған адамдар армандайды. Себебі ғарышкерлік қауіп пен таңғажайып саяхатты біріктірген ерекше мамандық. Balbal.kz ғарышкер болуы үшін қойылатын сынақ пен талаптарды ұсынады.

Ғарышкерге қандай талап қойылады?

Кез келген адам ғарышкер бола алмайды. Себебі ғарышқа ұшқысы келетін үміткерлерге қатаң талап қойылады. Білім мен денсаулығыңыздан бұрын, дене бітіміңіз келмесе де сіз бұл мамандық иесіз бола алмайсыз. Ғарышкерлікке үміткерлер үшін қойылатын негізгі талаптар мынандай:

  • 18 жасқа толған және 40 жастан аспаған ҚР азаматы не азаматшасы болу;
  • Сотталмаған болу және мемлекеттік құпияны сақтай алу;
  • Жоғары білімнің болуы (инжерелік, авиация салаларынан);
  • Кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірбесінің болуы;
  • Созылмалы аурулардың болмауы, денсаулықтың мықты болуы;
  • Психикалық тұрғыда мықты болу;
  • Спорттық стандарттардан өту (қашықтыққа жүгіру, секіру және т.б.)

Егер қажетті білім, тәжірбие және құжаттарыңыз толық болса, басты назар денсаулыққа аударылады. Себебі Жер бетінде жүргенде маңызсыз көрінетін аурулар ғарыш кеңістігінде өлімге апаруы мүмкін. Сондықтан үміткер бастан аяқ сау болуы керек. Адамның физикалық денсаулығынан бөлек психикалық мықтылығы да ерекше ескеріледі. Себебі ғарышкер зымыранда ақаулықтар болса, суыққандылықпен шешім қабылдай алуы керек. Ғарышқа шыққан соң ғарышкердің әрбір шешімі оның өмірі мен зерттеу нәтижесіне әсер етеді.

Жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды жақсы тапсырсаңыз да, бірден ғарышкер болмайсыз. Тек ғарышкерлікке үміткер атанасыз. Одан кейін сізді жалпы ғарышкерлікке дайындайтын 2 жылдық оқу күтіп тұр. Бұл оқу аяқталған соң тағы 2 жылдық жаттығулар мен дайындықтан өтесіз.

Ғарышкер болуға үміткерлер қандай дайындықтан өтеді?

Үміткерлер қиын жағдайларда тез шешім қабылдап үйренуі үшін әртүрлі жаттығулар жасалынады:

  • Парашютпен секіру кезінде қосымша логикалық тапсырмаларды орындап, белгілі қашықтықта парашютты ашып үлгеру керек.
  • Ұшақты басқарып отырып белгілі уақыт аралығында қол қою не айтылған уақытты жазу керек.

Ғарышкерлікке дайындық қаншалықты қызықты көрінгенімен, өмірде адамдардың күткеніндей болмай жатады. Себебі ғарышкер болуға үміткерлер көп уақытты оқумен өткізеді. Болашақ ғарышкер ғарыш станциясын, зымыранның құрылымы туралы және өзге де ғылым-техникалық білімді толық игеруі керек. Жалпы есеппен 150-ге жуық тест пен сынақ тапсырады

Үміткер дайындықтың соңғы кезеңінде арнайы жабдық-киімдермен жасанды ғарыш кеңістіктерінде дайындалады.

Барлық дайындықтан мүлт етпей, үздік өткен үміткерлер ғарышқа ұшуға мүмкіндік алып, болашақта ғарышкер атанады.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!