ПсихологияТаным

Декарт квадраты – шешім қабылдаудың оңай әдісі

Ренэ Декарттың шешім қабылдау әдісімен танысыңыз

Декарт квадраты – Ренэ Декарт ойлап тапқан шешім қабылдаудың әдісі. Жүйе өз уақытында кең танымалдылыққа ие болған. Алайда ақпарат жылдам алмасатын қазіргі уақытта да Декарт квадраты үлкен маңызға ие болып отыр. Balbal.kz квадраттың қолданылуы мен маңызын ұсынады.

Декарт квадраты қалай жұмыс істейді?

Әдістің қолданылуы мен құрылымы қарапайым. Декарт квадратын қолдану үшін таза қағаз қажет. Оған квадраттың суретін салыңыз. Оны теңдей төрт бөлікке бөліңіз.

Әр бөлікке мына сұрақтарды жазып шығыңыз:

  • Бұл орын алса, не болады?
  • Орын алмаса, не болады?
  • Бұл орын алса, не болмайды?
  • Орын алмаса, не болмайды?

Бір қарағанда Декарт квадраты қиын болып көрінуі мүмкін. Осы жүйеге өзіңізде туындаған сұрақ немесе жағдайды қойып көріңіз. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап беріңіз.

Практика жүзіндегі қолданысы

Декарт квадратының іс жүзіндегі қолданысын білу үшін нақты жағдайды алып қарастырайық.

Мысалы, сіз өз ісіңізді бастағыңыз келді делік. Оның қаншалықты табысты болатынын білгіңіз келсе, Декарт квадратын қолданамыз. Бұл арқылы осы іске ақшаңызды құртудың қажеті бар-жоғын анықтай аласыз.

Енді сұрақтарға жауап берейік:

  • Егер мен осы істі қолға алсам, бірнеше жылдан соң тұрақты түрде табыс табатын боламын. Балаларымның оқуын төлеймін. Жаңа көлік пен пәтер сатып ала аламын. Ең соңында барлық қарыздарымнан құтыламын;
  • Егер мен бұл істі қолға алмайтын болсам, көптеген қатерлерден құтыламын. Өзімнің денсаулығым мен жүйкемді сақтай аламын. Сүйікті істеріме уақыт көбірек болады: кітаптар оқып, фильмдер көре аламын;
  • Егер мен бұл істі қолға алсам, мен балаларыммен уақытылы серуендей алмаймын. Ұйқыдан кеш тұрып, ерте ұйықтай алмаймын. Достарыммен балық аулауға да бармаймын;
  • Егер мен бұл істі бастамасам, арманыма қарай қадам жасамаймын. Жаңа істе тәжірибе жинай алмаймын. Қарыздарымнан қашан құтылып, жеке пәтерді қай уақытта сатып алатынымды білмеймін.

Барлық нұсқаларды қарастырған соң, сізге шешім қабылдау оңайға түседі.

Декарт квадраты барлық нұсқаның артықшылығы мен кемшілігін анықтауға көмектеседі. Бұл әдісті кез келген салада қолдана аласыз.

Мәселені ойша шешуге тырыспаңыз

Әдісті ойша қолданушы болмаңыз. Міндетті түрде қағазға жазыңыз. Біздің ойымызда кейде жағдайдың кері жағы ескерілмей қалады. Барлық артықшылықтар мен кемшіліктер көз алдымызда тұрғанда, біз ұзақ ойланбаймыз. Шешім бірнеше минутта қабылданады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!