Біліп жүрКітап

Игорь Манн: «Номер 1» кітабы

Ресейлік Филипп Котлердің кітабы

Игорь Манн – ресейлік белгілі маркетолог, жазушы, баспагер. Жазушы маркетинг пен бизнес тақырыбында 10-нан аса кітап жазып шыққан. Соның ішіндегі «100% маркетинг» (Маркетинг на 100%) кітабынан кейін оны «ресейлік Филипп Котлер» деп атап кетті. Назарыңызға Игорь Манның «Номер 1» кітабының қысқа мазмұнын ұсынамыз.

1-қадам. Мақсат

Сіздің жолыңыз алдымен мақсат қоюдан басталу керек. Оны «SMART» моделі бойынша жасаңыз. Мақсатыңыз биік әрі қолжетімді болуы шарт. Егер жақсы іс бастауға мүмкіндік болмаса ше? Сонда да алға жылжу керек. Мақсатқа қарай жасаған іс-әрекетіңіз сізді жақсарта түседі. Әр уақытта өзіңіздің қайда бара жатқаныңызды еске түсіріп отырыңыз. Ең дұрысы – мақсатыңызды көз алдында ұстау (қабырғадағы сурет, әмияндағы кішкентай карта).

2-қадам. Аудит

Бұл кезеңде өзіңіздің қандай деңгейде тұрғаныңызды анықтайсыз. Бұл үшін қарапайым SWAT-сараптама жасаңыз. Өзіңіздің мықты және әлсіз тұстарыңызды, ашылған мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді жазыңыз. Жақындарыңыздан, туыстарыңыздан, әріптестеріңізден кері байланыс алыңыз. Егер мүмкіндік болса, ұстаз боларлық адам табыңыз. Бұл адам сіз таңдаған саланың маманы болу керек.

Барлық жиналған ақпаратқа баға беріңіз. Өйткені адамдармен танысқанда дауысыңыз, өзіңізді таныстыру үлкен маңызға ие.

3-қадам. Даму

№1 атану жолында таңдалған салада өзіңізді дамытыңыз. Біріншіден, маман ретінде. Қосымша білім алып, кітаптар оқыңыз. Кәсіби дамудың негізгі жолдары:  практика, аудио және бейне материалдарды тыңдау, нетворкинг, саяхат, түрлі сарапшы мамандардан кеңес алу.

Екіншіден, тұлға ретінде. Жеке қасиеттеріңіз бен коммуникациялық қабілеттеріңізді жетілдіріңіз. Мұнда барлығына үлгеру үшін қажетті қабілеттерді дамыту керек. Коммуникациялық қабілеттерге сөйлеу өнері, сахнада өзін-өзі ұстау, келіссөз жүргізу, ым-ишарат тілін білу, жақсы жаза алу мен өзге тілдерді білу жатады.

Сөйлей алу мен сахнада сөз сөйлеу бір нәрсе емес. Сөйлей алу нетворкинг үшін қажет. Әңгімені бірінші бастаудан қорықпаңыз. Барыншы қызықты әңгімелер айтып, серіктесіңізді мұқият тыңдаңыз. «Айсбрейкерлерді» — әңгіме айтуға қолайлы тақырыптарды қорда сақтаңыз. Мысалы, «Соңғы рет қандай фильм көрдіңі?», «Көп саяхаттайсыз ба?» және т.б.

Сахнада сөйлей алу – қазіргі уақытта маңызға ие қабілет. Осы себепті өз қорқынышыңызды жеңу үшін түрлі жаттығулар жасаңыз. Басты ережелерді есте сақтаңыз. Олар:

  • Уақытты ұмытпау. Көп сөйлеудің қажеті жоқ;
  • Қорытындыға келгенде аудиторияға пайдалы, тақырыпқа сай үш кеңес айтыңыз;
  • Өзіңіз жайлы азырақ айтыңыз;
  • Өз компанияңыз жайлы аз айтыңыз. Сіздің сөз сөйлеуіңіздің өзі жарнама болуы керек;
  • Сөз соңында біраз кідіріп, аудиторияның сұрақтарына жауап беріңіз;
  • Теорияға емес, практикаға назар аударыңыз;
  • Өз таныстырылымыңызға жақсы тақырып қойыңыз;
  • Гай Кавасакидің «10/20/30» ережесін (10 слайд, 20 минут сөз, 30 – кегльдің ең төменгі қаріп мөлшері) қолданыңыз;
  • Слайдта жазылғанды оқудың қажеті жоқ.

4-қадам. Нәтиже

Келесі деңгей – нәтиже. Ол ақша, мойындау, тәжірибе мен білім арқылы өлшенеді. Мұнда ескеру керек қателіктер де енеді.

5-қадам. Таныстыру

Өзіңізді (брендті) осы нәтижелерден соң дамытып, таныстыру керек. Әрекетіңіз бен жұмыстарыңыз жайлы 100 сөзден тұратын мәтін жазыңыз. Сонымен қатар түйіндеме мен визит картасын жасауға уақыт пен күшіңізді аямаңыз. Жеке салаларда жетістікті портфолио арқылы да көрсетуге болады.

Қорытынды ретінде 3 кеңес:

  • №1 болсаңыз да, дамуды тоқтатпаңыз. Әрекет етіп, жаңа мақсаттар қойыңыз. Бастысы – қозғалыста болу;
  • Өзіңізге инвестиция жасаңыз. №1 атану үшін ақша мен уақыт, қуатты аямаңыз. Бұл инвестиция бірнеше есе болып қайтып келеді;
  • Бөлісіңіз. Өзгелерге көмек көрсетіңіз. Үздік атандыңыз ба – өзгеге де үздік атануына кеңес беріңіз.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!