Біліп жүр

Инфографиканың интернет-маркетингтегі пайдасы

Инфографика деген не?

Инфографика – күрделі ақпараттардың қарапайым және тартымды нұсқадағы визуалды мазмұны. Мұнда креативті суреттер, түрлі формалар, белгілер қолданылады. Пайыздық көрсеткіш, сандар, салыстыру, баға, индекс – қабылдауға қиын ақпараттар. Оларды сөзбен жазу іш пыстырады және оқырманды шатастырады. Ал инфографика бұл мәселенің тиімді шешімі.

Инфографиканың тиімділігі

Миымыз қабылдайтын ақпараттың 90%-ы визуалды ақпарат екені белгілі. Себебі сенсорлық рецепторлардың 70%-ның көзде орналасуы оның қабылдануы мен меңгерілуін біршама жеңілдетеді. Сурет қарапайым мәтінге қарағанда 60 000 есеге жылдам өңделеді. Презентациядағы инфографика дегеніміз не? Бұл – оқырманның 40%-ы позитивті қабылдайтын суреттер жинағы.

Қарапайым суретті өңдеу үшін адамға 13 миллисекунд қажет, абстрактілі белгілер үшін миға 150 миллисекунд, ал оларды түсінуге тағы 100 миллисекунд керек.

Шығаратын қорытынды: таргет-топтардың қабылдауы үшін ақпараттың визуалды түрде берілгені дұрыс.

Суреттің артықшылығы

Кез келген адам 65% ақпаратты көру мүшесі арқылы қабылдауының өзі тірі, визуалды презентацияның артықшылығын көрсетеді. «Тірі» презентациялар немесе «сөйлейтін суреттер» оқырмандардың 50%-ына оң әсер етеді. Ал мәтін негізінде құрылған контент тек 20% оқырманның есінде сақталады.

Инфографиканың интернет-маркетингтегі пайдасы

Оқырмандардың көпшілігі суреті көп ақпараттарды оқығанды ұнатады. Демек суретті тиімді қолданатын маркетинг жетістікке көбірек жетеді. Визуалды түрде берілген ақпарат клиент пен тұтынушыны тартады. Әлеуметтік желі беттерінде жылдам әрі кең таралады. Мысалы мәтінге қарағанда суретті бөлісу адам үшін ыңғайлы. Суреттер брендтің танымалдылығын 80%-ға өсіреді.

Бұдан бөлек интернет ресуртары визуалды ақпаратты қолдану арқылы кіріс трафигін 12%-ға көбейткен. Ал жалпы суреттердің қолданылуы 2007 жылмен салыстырғанда 85%-ға ұлғайған. Қолданушылардың пікірі бойынша түрлі графикаларды пайдалану ақпаратты түсінікті ете түседі.

Инфографиканың қолданыс аясы

«Сөйлейтін суреттердің» түрлері көп. Олардың айырмашылығы – қолданылу мақсатында. Инфографика барлық кезде коммерциялық бағытта пайдаланылмайды. Кейде қайырымдылық ұйымдары, әлеуметтік жарнама орталықтары аудиторияға әсер ету тиімділігін арттыру үшін осы әдіске жүгінеді.

Танымдық инфографика тұтынушыға белгілі міндетті орындаудың жолын көрсетеді. Мәселені шешуді қадам бойынша түсіндіреді. Мұндай визуалды ақпараттың тақырыбы түрлі болады. «Күнді қалай тиімді өткізуге болады» дегеннен бастап «Жақсы веб-дизайнерді қалай табуға болады» дегенге дейін.

Инфографиканың тағы бір типі – ғылыми. Инфографика күрделі ғылыми ақпаратты түсіндірудің тиімді жолы болып табылады. Мысалы демографиялық ақпарат, зерттеу нәтижесі, сандар мен статистика. Мұндай ақпараттарды оқырманның бір оқып түсіне қоюы екіталай.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!