Копирайтинг

Копирайтинг. Мәтін мүмкіндігі және клиент табудың 7 жолы

Копирайтинг деген не? Копирайтер кімге керек?

Копирайтинг деп көзге ерекше түсетін, алайда қарапайым әрі түсінікті етіп жазылған мәтіндерді жазу машығын айтамыз. Әлемнің кез келген бұрышында отырып-ақ копирайтер тапсырыс орындай алады. Себебі мәтін жазу үшін ноутбук пен Wi-Fi-дан басқа ештеңе қажет емес. Сөз саптауыңыз жақсы, ойыңызды жүйелі жеткізудің шебері болсаңыз, копирайтерлікте бақ сынауға көруге болады. Balbal.kz мотивациялық сайты «СИЛАтекста» (мәтінМҮМКІНДІГІ) копирайтинг курсын өткізетін Мария Налобинаның ақыл-кеңестерін жинақтай отырып, оқырман назарына ұсынады.

Мария Налобина:

Копирайтинг кімге керек?

Офлайн және онлайн түрде жұмыс істейтін компанияға;

Тәй-тәй басқан және беделді компанияға;

Алып және кішігірім компанияға;

Интернетті жаулап үлгерген немесе интернеттен мақұрым компанияға;

Өсіп-дамуды қалайтын кез келген компанияға.

Копирайтинг қай кезде/салада керек?

Маркетингте;

Сауда жасау барысында;

Бизнес құру кезінде;

Инстаграм жүргізгенде;

SMM менеджерге.

Копирайтинг туралы 3 миф

Біріншіден, копирайтинг – ресми емес жұмыс дейді. Бірнеше клиентпен не екі-үш компаниямен келісімшартқа отырсаңыз, ЖК (ИП) ашыңыз. Сөйтіп мемлекетке тиесілі 3%-ды төлей отырып, ресми жұмыс істеңіз.

Екіншіден, интернетте мұзға отырғызу көп дейді. Өтірік хабарландыру беріп, айтқан сөзінен тайқып, әртүрлі алаяқтық әрекетке баратындар бүгінгі таңда интернетте жоқтың қасы. Қазіргі кезде интернетте бәрі шынайы. Екінің бірі ғаламтордың көмегіне жүгінеді.

Үшіншіден, интернетте жұмыс жоқ деп қорқытады. Бұл да өтірік. Керісінше, клиенттің бәрі әлеуметтік желіде күндіз-түні отырады. Әсіресе, инстаграмның копирайтерге берері көп. Себебі бизнесі бар, алайда жазба жазуға уақыты жоқ кәсіпкерлер жетіп жатыр. Олардың барлығына қызықты әрі сауатты мәтіндерді уақытылы жазып жіберетін копирайтерлер ауадай қажет. Өзін беделді санайтын кез келген компанияның жеке сайты барын ескерсек, ғаламтордың әр бұрышында копирайтерге жұмыс бар.

Интернет арқылы клиент табудың 7 жолы

Ғаламтордың көмегімен копирайтерлік мәтінге тапсырыс беретін клиент табу мүмкін екендігін және оңай екендігін тілге еттік. Жалпы, интернет арқылы клиент табудың 30-дан астам түрі бар. Әзірге 7 түріне тоқталайық:

Біріншісі – портфолио жасау. Ол үшін қолыңыздан келетінін, соны қалай жасайтыңызды көрсетіп, әдемі көздің жауын алатын портфолио жасайсыз. Сосын оны әлеуметтік желілерге салып қоясыз.

Екіншісі – қызығушылығыңызға байланысты вконтактедегі қауымдастықтарды/топтарды іздеп, зерттеп шығыңыз. Сосын оларды дамыту, аудиториясын өсіру, сатылымын арттыру бойынша істей алатын жұмыстарыңызды портфолиода көрсетіңіз.

Үшіншісі – жұмыс іздеуге арналған коммерциялық пабликтерге жазылып, олардың әр хабарландыруын жіті бақылаңыз. «Копирайтер» вакансиясын көріп қалғанда жылдам қимылдауға дайын болыңыз.

Төртіншісі – семинартренинг, конференцияларға қатысып тұрыңыз. Біліміңізге білім қосып қана қоймай, сіздің ұсынысыңызды қабылдауға даяр клиенттерді де таба аласыз. Бастысы, өзіңізді таныстыра білу – өз қызметіңізді ұсына білу.

Бесіншісі – өзіңізге үлгі тұтатын, істеген ісі, сөйлеген сөзі ұнайтын адаммен байланысқа шығыңыз. Телефон нөмірін таба алмасаңыз, поштасына болсын коммерциялық ұсыныс жіберіңіз.

Алтыншысы – инстаграмды бақылауда ұстаңыз. Инстаграмның көмегімен кімнің немен айналысқысы келетіндігін, нені жоспарлап жатқанын, бәрін-бәрін біліп отырасыз. Реті келгенде жекесіне шығып, ұсынысыңызды айтыңыз. Профилінде ұялы нөмірі көрсетулі болса, ең дұрысы, қоңырау шалыңыз.

Жетіншісі – жұмыс іздеуге арналған сайттарға шолу жасап жүріңіз. Алайда ол жақта тәжірибеге қатты қарайтындықтарын ескерткім келеді.

Қандай ресурстарға копирайтерлік мәтін жазамыз?

Сайт;

Лендинг парақшалар;

Вконтактегі қауымдастықтар/топтар;

Вконтактегі жеке профильдер (жеке көмекші);

Инстаграмдағы профиль (жеке және коммерциялық).

Лендинг парақшадағы копирайтер жұмысы

Сатып алуға иландыратын тауар туралы ерекше ұсынысты (УТП) құру;

Автор туралы, қызмет туралы жазу;

Клиенттің бас ауруын, жан айқайын сезіне білу;

Мақсатты аудиторияның қалауын дөп басу;

Күмәндарды сейілту, туындаған сұрақтарға жауап беру;

Лендинг парақшаны тақырып не стратегия бойынша бірнеше блокқа/бөлікке бөлу.

Сайттағы копирайтер жұмысы

Сайттың бас бетіндегі мәтінді жазу;

Бұрын-соңды қызметті/тауарды сатып алған клиенттердің шынайы пікірлерін жинақтау;

Тауар/қызмет түрлері туралы ақпарат беретін парақша құру;

Сайттың ішкі парақшаларын толтыру.

E-mail-маркетингтегі копирайтер жұмысы

Компанияны/көрсетілетін қызметті таныстыратын/түсіндіретін хат жазу;

Тезірек сатып алуға итермелейтін хат дайындау;

Компанияға деген сенімді арттыратын хат жазып жіберу;

Транзакциялық хаттарды (сатып алғандығын, броньға қойғандығын, тапсырысты жасағандығын растайтын) уақытылы жолдау.

Әлеуметтік желідегі копирайтер жұмысы

Көңіл-күй көтеретін, сатылымды арттыратын, клиенттер жайлы ақпаратты жинақтауға көмектесін, ақпараттық, пайдалы танымдық контент дайындау.

Материалға арқау болған ақпараттың барлығы Мария Налобинаның копирайтерлік туралы тегін сабақтарының негізінде дайындалды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!