Біліп жүр

Коворкинг: Алматыдағы жұмыс істеуге арналған орындар

Коворкинг орталықтарына қысқаша сипаттама

Коворкинг – адамдар орынды жалға алып, жұмыс істей алатын ұжымдық кеңселер. Әлемдегі алғашқы коворкинг орталық 2005 жылы ашылған. Осыдан бастап мұндай орындар барлық елдерде ашыла бастады. Назарыңызға Алматы қаласының коворкинг орталықтарын ұсынамыз.

Smart Point

«Smart Point» ашылғанға дейін «Almaty Towers» бизнес-орталығының жартысы бос тұрған еді. Орталық жалпы 9 000 шаршы метр жерді алып жатыр. Мұнда бір уақытта 700 адам жеке орынды немесе офисті жалға алып, жұмыс істей алады.

Адам көп жиналғандықтан артық шудың болатыны сөзсіз. Бұл мәселенің алдын алу үшін мекеме ішінде «sound making» акустикалық жүйесі орнатылған. Арнай блоктар жаңғырықты жойып, дыбыс ағынын реттейді. Ал «sound shower» аудиоқұрылғысы сарқыраманың дыбысын шығарып тұрады. Нәтижесінде ашық ортада жұмыс істеп отырған адам көршісінің дауыстарын естімейді.

Мекен-жайы: Байзаков көшесі 280.

Level 8

Level 8 – коворкинг және офис орындары бар мекеме. Орталық «Есентай» мұнарасының 8- қабатында орналасқан. Жалпы аумағы 1 600 шаршы метрді құрайды.  «Level 8» тәулік бойы жұмыс істейді. Тұтынушыларға 14 офис, екі «Executive», үш «Director’s Room» кабинеті мен сегіз жұмысшыға арналған жеке орынды ұсынады.

Мұнда уақытша офистік мекеме іздеген және шағын жұмысшылар тобы бар компаниялар жұмыс істейді. Ал коворкинг орталығы фрилансерлер мен өзіне жайлы жұмыс орнын іздегендерге арналады.

Мекен-жайы: Esentai Tower Business Center, Әл-Фараби даңғылы 77/7.

Оқи отырыңыз: «Алматыдағы тегін коворкинг орталығының ерекшеліктері»

Regus Kazakhstan

«Regus» бизнес-орталығының жалпы көлемі 1 250 шаршы метрді құрайды. Офисті бір күнге, айға немесе жылға жалға алуға болады. Барлық офистер қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Мекен-жайы: Green Tower бизнес-орталығы, Достық даңғылы 192/2 және BNC Plaza бизнес-орталығы, Тимирязев көшесі 26.

Terra Coworking

«Terra» коворкинг орталығы – кездесулер мен іс-шараларға арналған ыңғайлы орын. Мұнда үлкен залдар мен кофехана, таныстырылым мен конференцияға арналған жеке кабинеттер бар.

Коворкинг орталығы түрлі тақырыпта безендірілген ашық алаңқайларға бөлінген.

Мекен-жайы: Розыбакиев көшесі, 247 7-блок.

The Hub coworking

«The Hub» 2017 жылы ашылған. Коворкинг түрлі кездесулер, тренингтер өткізуге ыңғайлы. Мұнда Wi-Fi, принтер, тегін шфй, кофе мен су ұсынылады. Мекеме фрилансерлер мен стартаперлерге арналған. Сыйымдылығы 3-25 адамға дейінгі кабинеттер де бар.

Мекен-жайы: Тимирязев көшесі, 28В.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!