Біліп жүр

Мақала жазуға көмектесетін идеялар ресурсы

Мақала жазуға арналған идеялар

Мақала жазғысы келетін жандарда жиі кездесетін мәселе – идеяның таусылуы. Жаза аласыз, бірақ не жазу керегін білмейсіз немесе сізде «жазушылық кризисі» басталады. Мақала жазуға көмектесетін идеяларды белгілі бір ресурстардан табуға болады. Balbal.kz мотивациялық сайты журналистер жүгінуі тиіс ресурстар тізімін мақала ретінде жариялады.

Форумдар

Форумдар сізге көптеген пайдалы ақпарат бере алады. Өз контентіңізге қатысы бар танымал форумдарды іздеңіз. Оларды талдап, форумға қатысушылардың қызығушылығын ескеріңіз. Осылайша сіздің шығармашылығыңыз үшін көптеген қызықты тақырыптар табылады.

Блогтар

Бәсекелестеріңіздің блогтарын қараңыз. Олардың идеялары мен материалдарын көшірмеңіз. Оқырмандардың пікірлерін, артықшылығы мен кемшіліктерін талдаңыз. Осы арқылы сізде жаңа идея пайда болады.

Кездейсоқ ойлар

Көбіне серуендеп жүргенде немесе үй шаруасымен айналысқанда бізді қызықты ойлар мазалайды. Осы ойларға мән беріңіз, ұмытпау үшін жазып жүріңіз. Олар да  жақсы идея бола алады.

Аудиториямен байланыс

Сайтта жұмыс істейтін болсаңыз, оқырмандар поштаңызға сұрақтар немесе ұсыныстар қалдыруы мүмкін. Оқырман сұраныстарына бей-жай қарамай, одан материал шығаруға тырысыңыз. Осы арқылы сайтта жаңа, қызықты және ерекше материалдар пайда болады. Аудиториямен байланыс беделіңізге оң әсер етеді.

Мониторинг жүргізу

Іздеу жүйелерінде жиі қойылатын сұрауларды қарап шығыңыз. Осының ішінен өзіңізге ұнағанын таңдап, осы тақырыпқа мақала жазыңыз. Идеядан бөлек жаңа оқырмандарды да таба аласыз.

Биржалар

Мақала биржаларын кіріп көріңіз. Ондағы бір тақырыпты алыңыз, оны сәл өзгертіңіз.

Копирайтер биржалары: Etxt.biz, Contentmonster.ru, Advego.com, т.б.

Кітаптар

Өз салаңыздағы танымал кітапты алыңыз. Әр тарауды бөлек бір қызықты материал етіп дайындауға болады.. Бастысы — тақырыпты ашып көрсету.

Ленталарға жазылу

Тақырыптық жаңалықтар ленталарына жазылуға болады. Сізге күн сайын ондаған тақырып келіп отырады. Соның ішінен ұнаған бір-екі тақырыпты алуыңызға болады.

Тегін курстар

Тегін курстарға жазылып, соларды материал етіп дайындауға болады. Осы арқылы өзіңізге жаңа білім аласыз.

Сауалнама

Парақшаңызға сауалнама жасаңыз. Оқырмандар не оқып, не білгісі келетінін сұраңыз. Осыдан жаңа идея туындайды.

Шолу

Өз контентіңізге сай өнім, т.б. нәрселерге шолу жасаңыз. Бұл қызықты әрі пайдалы материал болады.

Өз жұмысына анализ жүргізу

Материалдарыңыздың ішінен үздік ондықты анықтаңыз. егер сайт өзіңіздікі болса және ұзақ уақыт жазып жүрсеңіз, өзіңіздің үздік жұмыстарыңыз туралы мәтін жаза аласыз. Рейтинг жасап, бұл мақалалар басқаларға қарағанда неліктен ұнағанын, оларды қанша адам оқығанын және т.б. көрсетесіз. Осыдан кейін басқа танымал жазушылардың ТОП-10 шығармаларын жасай аласыз.

Сұхбат

Контентке қатысы бар салаңыздағы тәжірибесі бар кәсіби маманды іздестіріңіз. Одан жақсы сұхбат алып, мақала жариялаңыз.

Жеке пікір

Болжамдарды жаза аласыз яғни осы оқиғаның қоғамға қатысты дамуы туралы сіздің көзқарасыңыз. Өтірік қиялдаудың қажеті жоқ, өз ойыңыз, неліктен олай ойлайтыныңызды және соның шешімін ұсыныңыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!