Таным

Ораторлық қабілетіңізді дамытуға арналған 4 кеңес

Ораторлық қабілет пен дикция

Ораторлық қасиеттің адамға тигізер пайдасы мол. Дауыс тоны мен тартымдылығы кез келген жанға әсер етпей қоймасы сөзсіз. Вокалдық белгілер мен дикцияны жетілдіруге болады. Бірақ бұған көп уақыт кетеді. Бұл үшін бірнеше практикалық жаттығулар қажет.

Анық және жарқын сөйлеу

Өзгелердің сізді тыңдауы өте маңызды. Ол үшін дауысыңызды қатты шығарыңыз. Сыбырлап, басыңызды төмен салып сөйлемеңіз. Әйтпесе, тыңдаушылар сіздің сөзіңізді елемейді.

Әрине, бұл үшін айқайлаудың қажеті жоқ. Тек дауыс тонын өзгертіңіз. Егер үлкен аудиторияда сөз сөйлесеңіз, дауысыңызды барынша жарқын әрі анық етіп шығарыңыз.

Қарапайым жағдайларда қатты сөйлемеңіз, бұл сіз жайлы жаман пікірдің қалыптасуына алып келеді.

Асықпай сөйлеңіз

Тез сөйлеу – жаман қасиет. Тыңдармандарға сіздің сөзіңізді түсіну және ұғыну қиынға соғады.

Сөз барысында сөйлеу темпін өзгертіңіз, сөйлемдер арасында үзіліс жасаңыз. Бұл сіздің сөзіңіздің анықтығы мен дем алуға көмектеседі.

Бір жағынан, өте баяу сөйлеу өзгелерге монотонды болып көрінеді және сізді тыңдауға шыдамдары жетпеуі мүмкін.

Сөйлеудің ең тиімді темпі – минутына 120-160 сөз айту. Сөз сөйлеу барысында маңызды сөйлемдерді баяу айтыңыз. Ал жалынды және көңілді сөйлемдерді жылдамырақ айтуға тырысыңыз.

Сөздерді анық айтыңыз

Дикцияның анық болуы – ораторлық қасиеттің ең маңызды бөлшегі. Әрбір сөзге назар аударыңыз, олар анық әрі толық дыбысталуы тиіс.

Сөйлеу барысында жақты қатты қыспаңыз, ерініңіз бен тіліңіздің еркін қозғалуын бақылаңыз. Осылайша сіз сөйлеу барысындағы артық дыбыстардың болуын алдын аласыз. Бастапқы уақытта бұл сізге бірнеше қиындықтарды тудыруы мүмкін, бірақ біраз уақыттан соң өзгерісті байқайсыз.

Терең демалыңыз

Терең тыныс алу дауыстың анық шығуына септігін тигізеді. Адамдардың көпшілігі сөйлеу барысында көп тыныс алады және олардың дауысы өте әлсіз болып шығады.

Сөйлеу барысында кеудемен емес, диафрагмамен тыныс алыңыз. Бұны тексеру үшін тыныс алу барысында қолыңызды ішіңізге қойыңыз.

Дұрыс тыныс алуға жаттығыңыз. Ішіңізді ауаға толтырып, терең демалыңыз. Әрбір 5 секунд сайын ауаны шығарып, сөйлеп көріңіз.

Арқаның дұрыс орналасуы да дұрыс тыныстауға әсер етеді. Иық пен жауырынның тік қалыпта болуы сіздің тыныс алуыңызды жеңілдетеді.

Әрбір сөйлемнің соңында тыныс алып тұрыңыз. Егер терең тыныс алсаңыз, сөйлем арасында тоқтау қажеттілігі туындамайды.

Дауыс тонын өзгертіңіз

Дауыс тоны сөйлемнің сапасына септігін тигізеді. Әр сөйлемнің мазмұнына қарай дауыс тонын өзгертіңіз. Бұл сіздің сөзіңіздің анық болуына әрі сапалы болуына көмектеседі.

Шынайы дауыс тембрін өзгертуге тырыспаңыз, бірақ оның жоғарылығын бақылап отырыңыз.

Жаттығу үшін ән айтыңыз немесе мәтіндерді оқыңыз. Барлығын бір тонмен оқудың қажеті жоқ.

Сөйлеу барысында күлуге тырысыңыз

Күлу арқылы өзгелерде жақсы әсер қалдырасыз. Бірақ күлкіңіз жасанды болмасын. Күлкі сіздің сөйлеміңізді ажарландыра түседі. Әрине, қатты күлудің қажеті де шамалы. Ерініңізді сәл көтеріп, сөйлемдерді сәл жылы тонмен айтсаңыз жеткілікті.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!