Біліп жүр

Пайдалы сайттар: хат жібереді, ұйқыдан оятады, поштаны тазалайды

Пайдалы сайттар барын білгейсіз

Пайдалы сайтттар тіркелген оқырманына мол мүмкіндік береді. Бірақ сондай сайтты табу кейде қиынға соғуы мүмкін. Ғаламтор беті күннен күнге жаңа сайттармен толығуда. Бірақ олардың пайдалысы мен пайдасызы болады. Balbal.kz сайты кез келген адамға уақытын үнемдеуге, интернет мүмкіндігін пайдалануға көмектесетін пайдалы сайттар тізімін дайындады.

Тірі оятқыш

Будист.ру сайтына тіркелесіз де, сағат қаншаларда тұру керектігін айтасыз. Белгіленген уақытта тірі адам сізге хабарласып, ұйқыңыздан оятады. Тіпті өзіңіз де өзгені ұйқыдан оята аласыз.

Табиғат дыбыстары

«NatureSoundsFor.me» сайты шынайы табиғат дыбыстарынан жиналған шуларды қосуға мүмкіндік береді. Жаңбырдың құйғаны, құстардың, өзеннің ағысы сізге медитация жасауға, кітап оқуға, мақала жазуға және ұйықтауға көмектеседі. Музыкаларға қарағанда бұндай дыбыстар сізге терең ойлануға және миыңыздың тынығуына үлкен көмегін тигізеді.

Не көруге болады?

Әдетте осындай сұрақ фильм көрер кезде бәрімізді мазалайды. Егер өзіңізге қажетті фильм таппасаңыз, «Moovler» сайтын шолып өтуді ұмытпаңыз. Бірнеше сұрақтарға жауап берсеңіз, сайт сізге қажетті фильмдер тізімін дайындап береді.

Қажет сілтемені табу

Кей жағдайда бұрын көрген сайттың немесе видеоның сілтемесін қайта таба алмай жатамыз. Осындай кезде «delicious» сайты көмекке келеді. Бұл сайт сілтемелерді жинақтап, оларды керек уақытта табуға көмектеседі. Өз жазбаларыңызда шатасып қалмас үшін керекті тегтер мен қысқа баяндаулар арқылы сақтап қойсаңыз жеткілікті.

Әлемдік вебкамера

«Earthcam» сайты әлемде жұмыс істеп тұрған камералар жазбасына ие. Камералардың барлығы өте жақсы жерлерде орналасқан және қызықты бейнежазбаларды табуға болады.

Пошта жәшігін тазалау

«Unroll.me» сайтыөзіңіздің электронды жәшігіңізді тез сканерлеп, сіз жазылған сайттар тізімін жасайды. Сіз бірден қажетсіз хаттар мен ақпараттардан бас тарта аласыз. Сәйкесінше жәшігіңізді спам хаттардан арылтуға мүмкіндік аласыз.

Өзіңізді дамыту

«4brain» сайты жылдам оқу, лидерлік қасиеттер мен шығармашылық ойлауға қатысты тегін тренинг-сабақтар ұсынады. Алған теориялық білімді тексеріп, өз деңгейіңізді көтере аласыз.

Гиф суреттер жасау

«Gifovina» сайты аз уақыт аралығында қызықты гиф суреттер жасауға көмектеседі.

Өзіңізге хат жазыңыз

«Mailfuture» сайты өзіңіздің электронды поштаңызға хат жібереді. Тек бірден емес, белгіленген уақыт аралығында. Осылайша сіз өзіңізге хат жаза аласыз. Сонымен қатар алға қойған мақсаттарыңызды жазып, бірнеше жыл өткен соң жеткен жетістіктермен салыстыра аласыз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!