Таным

Тұрмыстық өмірде аса қажет лайфхактар

Тұрмыстық өмірде небір ситуация болады

Тұрмыстық өмірде түрлі келеңсіздіктерге кезігіп жатамыз. Ал сіз сол келеңсіздіктерді тез шешудің жолдарын білесіз бе? Білмесеңіз, бұл мақала сізге арналады. Balbal.kz мотивациялық сайтының сүйікті оқырмандары үшін тұрмыстық өмірде аса қажет болатын лайфхактарды назарларыңызға ұсынамыз .

Күйіп қалған табаны тазалаймыз

Күйіп қалған табаны көп күш жұмсамай тазартуға болады. Ол үшін табаға кішкене су құйып, 1 стақан сірке суын қосу керек. Содан кейін табаны пеште бірнеше минут қыздырыңыз. Кейін 2 ас қасық ас содасын қосыңыз. Нәтижесінде күйген тамақ қалдықтарын оңай жоюға болады.

Кілемдегі дақ

Ешқандай жағдайда дақты дымқыл шүберекпен және сабынмен сүртпеу керек. Оған аздап сірке суын құйып, бір шымшым ас содасын себіңіз. Содан кейін пайда болатын көпіршікті қоспа дақты кетіреді. Көпіршікті мақтамен сүртіп тастаңыз.

Шаң

Кәдімгі шүберек шаңнан арылуға көмектеседі, бірақ бұл уақытша ғана. Жиһазды шаңнан ұзақ уақыт қорғау үшін антистатикалық шүберек майлықтарын қолдану керек.

Айна

Айнаны тазарту үшін қағаз сүлгілерді пайдаланудың қажеті жоқ. Себебі сүрткеннен кейін қағаз бөліктері айнаға жабысып қалады. Оның орнына газетпен тазалап көріңіз. Газеттен ешқандай қалдық қалмайды әрі жақсы тазалайды.

Ванна

Ваннаны тазартудың қиын екендігі барлығына мәлім. Егер сіз оны тұзға жарты лимон немесе грейпфрутті қосып сүртіп шықсаңыз, тез тазалай аласыз.

Киімдегі бояу

Егер сіз байқаусызда киіміңізге бояу құйып алсаңыз, оның кепкенін күтіңіз. Кейін оны ұстараның жүзімен оңай алып тастауға болады. Әрине матаны кесіп алмауға тырысу керек. Мұқият болыңыз.

Пернетақта

Пернатақта уақыт өте келе кірлейді. Алайда оны көп күш жұмсамай-ақ тазартудың жақсы тәсілі бар. Алдымен сіз пернетақтаны ескі тіс щеткасымен тазалап алыңыз. Содан кейін шаң сорғышты пайдаланып, одан барлық кірді сорып алыңыз.

Блендер

Көбінесе блендерді қолмен тазалаған кезде қол жарақаттары пайда болып жатады. Жарақаттың алдын алып, оңай тазалау үшін блендерге аздап ыстық су құйыңыз. Одан соң  оған сабын қосу керек. Кейіннен блендерді бір-екі минутқа қосыңыз. Ол өзін-өзі тазартады.

Губка

Ыдыс-аяқтарды жуғаннан кейін, әдетте, губканы жай сумен жуып, кептіруге қалдырады. Бірақ бұл бактериялар мен микробтарды өлтірмейді. Микробтардан құтылу үшін оны суға малып алып,микротолқынды пеште екі минуттай ұстау керек.

Дайындаған: Диана Асанова 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!