Миллионер

Dell корпорациясының негізін қалаушы Майкл Деллдың 9 қағидасы

Майкл Делл 19 жасында бірінші курс студенты бола отырып, Dell computer corporation құрды. Фирманың алғашқы капиталы небәрі 1 мың долларды ғана құрады. Ал Майкл 40 жасқа толғанда, компанияның сату көлемі 45 млрд. долларға жетті. Нарықты капиталдандыру бойынша Dell әлемдегі компьютер өндірушілердің арасында бірінші орынға шықты. Balbal.kz порталы Майкл Деллдың 9 қағидасын оқырманға ұсынады.

1. Нарықты мұқият зертте. Орындауға қажетті жұмыс көлеміне қатысты әрқашан реалист бол. Алайда, тұрақты іздену, саралау және бизнесті кеңейту маңыздылығы туралы ұмытпа.
2. Делдалсыз сат. Ұқыпты болжамда. Қорларды басқару бойынша жоспар құрастыр, бірақ өндіруді және сатуды қорлар мүлдем болмайтындай ұйымдастыр. Өнім айналымын бақылауда ұста.
3. Өз жеткізушілеріңді жақсы көр. Компьютерлер өндірісіне зейін қойма –тұтынушыларға зейін қой. Жеткізу тізбегін өзіңнің тұтынушылық құндылықтары тізбегіне қос. Бәрінен жақсы не істей аласың – соған назар аудар. Артық қиындықтардан сақ бол. Сапаны үнемі бақыла. Алдымен тапсырыс, содан кейін жеткізу.
4. Өз қызметкерлеріңді сүй. Басшы қандай болса, компания да сондай. Сенің фирмаңның корпоративтік мәдениеті жақын, дайындалған адамдарды жұмысқа ал. Ешқашан материалдық және моральдық көтермелеуден аянба. Әйтпесе, қызметкерлеріңді де, нарығыңды да жоғалтасың.
5. Табысыңа тек сенің клиенттерің кепілдік береді. Жаппай клиентті ізде. Өз компаниянның жағымды имиджі жаса да, оны тұрақты түрде нығайтып отыр. Сатып алушыға бағдарланған корпоративтік мәдениетті жаса. Тұтынушылармен кері байланысты тиімді қыл. Стратегиялық байланыстарды орнату туралы ұмытпа, олардың қазір беретіні мүмкін аз шығар, бірақ бір жылдан кейін олардың көмегімен әлдеқайда көп пайда алуға болады.
6. Ешқашан жетілдіруден бас тартпа. Таңдаған бағыттан тайма, бірақ нарықта жеңілмеу үшін үздіксіз инновациялар енгізу қажеттілін үнемі есте сақта. Кәсіпкерлік шығармашылықтың әдет-ғұрыптарын дамыт. Мәселелерді шешуден жалтарма– олар өздерінен өздері жоғалмайды. Ешкім қателіктер мен сәтсіздіктерден сақтандырылмаған. Тәуекел – игілікті іс.
7. Жаһандық көлемде ойлан және іс-әрекет жаса. Әлемдік нарыққа бірте-бірте шық. Жаһандық масштабта өс. Қажет кезде бейімделе біл. Өз жеткізушілеріңе әлемдік нарыққа шығуға көмектес. Жергілікті мәдениет пен нарыққа бейімделуге дайын бол.
8. Өз дарыныңа және өз-өзіңе адал бол. Қазіргі уақытта қоғамда беделді деп, саған тән емес іспен айналыспа. Сенің дарының қоғам үшін жаңа беделді құруға қабілетті болатындай жаса.
9. Құр өсуді ғана мақсат қылма. Әрқашан түпкі нәтижесі болу керек. Есіңде болсын, өсудің өз тәуекелдері бар. Тиімді бол. Бәсекелестеріңді назардан тыс қалдырма.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!