АяЛайық

Қыз бен жігіт кездесуі жайлы 4 шындық

қыз бен жігіт кездесуі

«АяЛайық» жобасының аясында бүгін қыз бен жігіт кездесуі тақырыбын қозғаймыз. Алғашқы кездесу мен бастапқы таныстық – қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынастың негізгі бөлігі. Осы бір мәселеге келгенде көптеген сұрақ пен келеңсіздік тууы ықтимал.

Бұл туралы журналист Алтынай Әбдімәди өзінің ойын білдірген еді:

– Жалпы біздің қоғамда қыз бен жігіт арасындағы кездесудің белгіленген, нақты бір этикеті жоқ. Осының әсерінен көп жағдайда қыздар да, жігіттер де қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде бір-бірін түсінбей жатады. Мәселен алғашқы кездесуге қалай киініп бару керек, қандай сұрақ қойып және қандай тақырыпта әңгіме өрбіткен жөн деген секілді сауалдарға немқұрайды қарап жатамыз. Сонымен қатар «Кездесу барысында есепті кім төлеу керек?», «Жігіт қызды үйіне дейін шығарып салу керек пе?» деген сипаттағы сұрақтарға әлі күнге дейін қабылданған жауап жоқ. Сол себепті жігіт пен қыз қарым-қатынас орнатуға қорқады, – дейді Алтынай Әбдімәди.

Қыз бен жігіт кездесуі кезінде этикет сақталуы тиіс пе?

Бұл туралы психолог Ләйлә Есназаровадан сұрап көрген едік.

Этикет дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік топқа жататын адамдардың шаблонды әрекеттері. Қалалық қыз бен ауылдық жігіттің этикет туралы түсінігі әртүрлі болады. Неге? Себебі қалалық қыз үшін құптарлық әрекет ауылдық жігіт үшін біртүрлі қылық болып көрінеді. Сондықтан этикет сақталуы тиіс деп айта алмайсыз. Онда әркім өз әлеуметтік тобына жататын адаммен қарым-қатынас құруы керек, – дейді Ләйлә Есназарова.

Алғашқы кездесуді қандай дүниелер құртады?

қыз бен жігіт
Кездесуде не істеуге болмайды?

Кездесу сәтті не сәтсіз болып бөліне ме?

Қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас кезінде кездесу маңызды болып саналады. Олардың алдағы уақытта сөйлесу-сөйлеспеуі кездесуге байланысты. Жалпы кездесу сәтті не сәтсіз болып бөліне ме? Қыз бен жігіт кездесуі қалай өтуі керек? Қандай әрекеттерге қарап екінші рет кездесудің қажет жоқ деген шешім шығарғанымыз абзал? Бұл жолы да психолог маманнан консультация алғанды жөн көрдік.

– Қыз бен жігіт ең алдымен қарапайым қоғам мүшелері ретінде сөйлесуі керек. Екі жақ та бір-біріне тек тұлға есебінде қарауы керек. Менің ойымша әлеуметтік желіде танысып, тез арада кездесіп кетуі дұрыс емес. Бірінші кезекте бұл үлкен қауіпті туғызады. Ең алдымен қыз да, жігіт те бір-бірінің жеке қасиеттерін, мінездерін, қандай ортада өзін еркін ұстай алатынын, қай тақырыпта жиі әңгіме айтатынын біліп алуы қажет. Бастысы – қарым-қатынас кезінде ештеңеге асықпау керек. Бірін-бірі жақын адам ретінде қабылдау – бірте-бірте жүзеге асатын процесс. Сонымен қатар қарым-қатынастың алғашқы кезеңінде көпшілік жерде яғни кинотеатр немесе кафеде кездескен дұрыс. Бұл қыз баланың қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Сондай-ақ қарым-қатынастың келесі сатыларында қыз бен жігіт көпшілік ортада бірін-бірі қалай ұстайтынына, қалай сөйлейтініне назар аудару қажет. Міне, осыдан кейін қыз бен жігіт арасындағы кездесудің келесі кезеңдері де өз жалғасын табады,  – дейді психолог маман Ләйлә Есназарова.

Жігітпен кездесуге аттанбас бұрын

Қазіргі таңда танысуға арналған сайттар қауіп-қатерге толы. Мұндай қорытындыға ESET компаниясы келді. Өйткені танысу сайттарына тіркелгендердің 34%-ы алаяқтық құрбанына айналған. Ал әрбір оныншы қолданушы шантажға тап болады. Сондықтан жігітпен кездесуге аттанбас бұрын қауіпсіздік шарасына мән беріңіз.

қыз бен жігіт кездесуі
Алғашқы кездесу ережелері

2021 жылдың наурызында 19 жастағы Аяжан Еділова азаптап өлтірілді. Жобамыз марқұмның құрметіне «АяЛайық» деп аталды. Біз Аяжан сияқты қыздарымыздың тек жақсылыққа лайық екенін айтқымыз келеді. Бұл контент, қыздар, сіздерге өмірде өз орындарыңызды тауып, сүйгеннің сүйіктісі атанып, бақытты болуларыңызға себепкер болады деген үміттеміз.

Бұл жоба АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен «MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы» аясында дайындалды.
Balbal.kz ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!