Біліп жүр
Air Astana: Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер
Air Astana акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының нәтижеcі
Air Astana 2024 жылғы 30 мамырда өткізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының нәтижеcі бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Қоғамның 2024 жылғы ақпанда IPO өткізілгенге дейін жарияланған Air Astana проспектінде көзделген жоспарға сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі, BAE Systems (Қазақстан) Лимитед акционерінің өкілі — Майлз Сент Джон Весткотт мырза (Myles St John Westcott) 2024 жылдың 30 мамырынан бастап Директорлар кеңесі құрамынан шықты. Сонымен бірге Дияс Асанов 2024 жылдың 31 мамырынан бастап тәуелсіз директор болып тағайындалды.
Соңғы үш жыл ішінде Асанов мырза сандық өнеркәсіп (Digital Industries) және зияткерлік инфрақұрылым (Smart Infrastructure) бағыттарына ерекше көңіл бөле отырып, Қазақстандағы Siemens өңірлік компаниясының бас директоры қызметін атқарды. Бұған дейін ол Siemens Energy компаниясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы бас заң кеңесшісі қызметін атқарған. Асанов мырза Вест-Пойнттегі АҚШ Әскери академиясында халықаралық қатынастар ғылымдарының бакалавры дәрежесін және Қазақстанның М.С.Нарықбаев атындағы ҚазМЗУ университетінде халықаралық құқық бакалавры дәрежесін алған.
Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістерге түсініктеме бере отырып, Нұрлан Жақыпов мырза былай деді:
Біз Асанов мырзаны Директорлар кеңесінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Оның электротехника, көлік және коммуникация саласындағы мол тәжірибесі компанияның дамуының келесі кезеңіне, әсіресе, біздің одан әрі цифрландыру жөніндегі жоспарларымызға ықпал етеді. Әуекомпаниясының Директорлар кеңесі, басшылығы және қызметкерлерінің атынан Весткотт мырзаға Топтың соңғы алты жыл ішінде табысқа жетуіне зор қолдау көрсеткені және қосқан үлесі үшін алғыс айтамын! Весткотт мырзаның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Компанияның дамуына қосқан үлесі өте баға жетпес.
Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамын назарға ұсынамыз:
1. Нұрлан Жақыпов — Директорлар кеңесінің төрағасы («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ);
2. Айдар Рысқұлов — Директорлар кеңесіне мүшесі («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ);
3. Саймон Вуд — Директорлар кеңесінің мүшесі (BAE Systems);
4. Питер Фостер — Директорлар кеңесінің мүшесі (Air Astana бас атқарушы директоры);
5. Елдар Әбдіразақов — Тәуелсіз директор;
6. Джанет Хэкман — Тәуелсіз директор;
7. Гарри Кингшот — Тәуелсіз директор;
8. Кит Гэбел — Тәуелсіз директор;
9. Дияс Асанов — Тәуелсіз директор.