Біліп жүр

KMF акционерлік қоғамға айналды

KMF — Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымы

«KMF (КМФ) «Микроқаржылық ұйымы» ЖШС акционерлік қоғам болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

Заңды тұлғаның өзгеруі компанияның қызметіне әсер етпейді. Кредиторлар, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттеме өзгеріссіз қалады. Деректемелер, соның ішінде банктік және бас кеңсенің орналасқан жері бұрынғыдай болады.

Акционерлік қоғам болу Қазақстанда кәсіпкерліктің өсуі мен дамуына бағытталған өз стратегиясын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.

KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов:

«Компаниямыздың акционерлік қоғамға айналуы – бұл біздің тарихымыздағы маңызды белес, біз оған мақсатты және дәйекті түрде аяқ бастық. Бұл қадам біздің тұрақты даму мен өсуге деген ұмтылысымызды білдіреді және шағын кәсіп иелеріне бұрынғыдан да тиімді қолдау көрсетуге, оларға инновациялық қаржылық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Біздің миссиямыз өзгеріссіз қалады — микробизнесті дамыту арқылы экономиканың өсуіне және Қазақстандағы өмір сүру деңгейінің жақсаруына ықпал ету».

KMF — Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымы. Нарықта 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстан бойынша 17 филиалы және 120 сауда нүктесі бар.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!