Біліп жүр

«Халық» қоры су тұщыту зауытын ашуға 300 млн теңге бөлді

«Халық» қоры Ақшұқыр ауылында зауыт ашпақ

Ауыз су мәселесі — Маңғыстау өңіріндегі ең өзекті жайт. Тұздылығы жоғары теңіз суын тұшытып пайдалану көлемін арттыруды көздеген өңірде талай тұрғынның таңдайына тамызық етіп отырғаны – жерасты сулары.

Өңірде су болғанымен көбі ішуге жарамсыз,  тұзы көп су. Тұрғындардың айтуынша суды ішу мүмкін емес. Сондай-ақ егістік бау-бақшаға пайдаланса, бақша өнімдерінің өзі табиғи дәмінен айырлады екен.

Түпқараған ауданында 2007 жылдан бастап су тапшылығы қатты біліне бастаған. 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Халық» қайырымдылық қоры Ақшұқыр ауылында су тұщыту зауытын салу бойынша меморандумға қол қойды. Нәтижесінде бұл зауыттың қуаттылығы тәулігіне 4000 текше метрге жетіп, екі ауылдағы 25 мың адамды таза сумен қамтымақ. Қор бұл жобаға 300 млн теңге бөлген.

«Мен осы ауылда (Сайын Шапағатов ауылы-ред) 2018 жылдан бері тұрамын. Мына жер теңізге жақын, ауа таза болған соң халық көптеп көшіп келеді. Алайда су тапшылығы соңғы жылдарда қатты білінді. Бұрындары аптасына бір рет жіберілетін 1000 куб, 2000 куб су енді мүлдем жетпейді. Бағымызға орай «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен суды тұщытып тазартатын зауыттар салынды. Оның тағы бір тиімді тұсы халық жұмыспен қамтылып отыр. Сайын ауылында он мың адам тұрады. Ақшұқырда да дәл солай. Қазір 24 сағат бойына ағып тұратын суды асыға күтіп жүрміз», — дейді ауыл тұрғыны әрі белсендісі Руслан Бағдатұлы.

«Халық» – 2016 жылы әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру салаларында ауқымды қайырымдылық жобаларын іске асыру үшін құрылған қайырымдылық қор. 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!