Психология
Қызғаныштың қандай түрлері бар?
Неге адамдар өзгелер жетістікке жеткенде қызғанышпен қарайды?
Бізге бала күнімізден қызғаныш – адам бойындағы ең жаман қасиеттердің бірі деп үйретті. Бойыңда аздаған жаман ой, сезім пайда болса, өзіңнен-өзің жеритін кез болады.
Себебі біздің миымыз өзгенің жеңісін өзінің жеңілісі деп қабылдайды. Қызғаныш осы жерден туындайды. Біздің бүкіл өміріміз күресуден, бәсекеден тұрады. Сондықтан біздің миымыз осылай жұмыс істейді. Ары қарай мақаладан қызғаныш жайында, оның туу себептерін толық оқи аласыздар.
Қызғаныштың қандай түрлері бар?
Күйзелісті қызғаныш: «Мен өзімді онымен салыстырғанда жолы болмаған адамдай сезінемін». Бұл қызғаныш сенің айналаңдағы адамдар көп жетістікке жеткенде туындайды. Мұндай сәтте сен өзгенің жеңісін сенің жеңілісің деп қабылдайсың. Ең сорақысы, депрессивті қызғаныш адамның бойындағы отын өшіріп, оның әлсіз болуына себепші болады. Адам бойындағы сенімін жоғалтады.
Дұшпандық қызғаныш: «Ол оған лайық емес». Бір адам жетістікке жеткен кезде басқа адамның қызғанышы ашумен бірігіп кетеді. Ол адам өзі де дәл сондай жетістікке жеткісі келмейді, оның қалайтыны – қарсыласының жеңіліс тапқаны. Егер ол адамның ісі сәтсіздікке ұшыраса, сіздің қуаныштан төбеңіз екі елі жетпей қалуы әдбен мүмкін. Мұндай адамдар алдағы уақытта да өз биіктігін емес, өзгелердің құлдырауымен өмір сүреді.
Игі қызғаныш: «Таң қалдырады». Бұл қызғанышты бейтарап деп атасақ болады. Сен басқа адамдардың өмірін бақылайсың. Бақылайсың да, тек қызыға қарайсың. Әр жетістігін көрген сайын өзіңнің де өсуің керек екенін түсінесің. Алға қарай қадам жасай бересің. Бұл қызғаныш адамның дамуына көп көмектеседі. Үлгі ала отырып, арманына ұмтылады. Бұл қызғанышта адам негативті сезім қалдыратын ештеңе болмайды.
Статистика бойынша, адамдардың басым бөлігі депрессивті қызғаныштан жапа шегеді. Олар жан-жағындағы адамдардың жеңіліске ұшырауын тілеп жүреді.