Біліп жүр

Контент-маркетингті жақсартатын 3 әдіс

Контент-маркетингті пайдаланыңыз

Контент-маркетингті дамыту жайлы әңгімелер бұрыннан айтылып келеді. Бірақ барлығы мұны жасай бермейді. Контент-маркетинг институтының 2020 жылғы ақпараты бойынша контент-маркетингті дамытумен сұралған компаниялардың тек 41% ғана айналысады. Сонымен қатар белгілі брендтердің 84% контенттің клиенттер сенімін арттыруға көмектесетін айтқан. Назарларыңызға контентті жақсартатын 3 әдісті ұсынамыз.

Нақты топ өкілдеріне бағыттау

Көптің арасынан ерекшеліну үшін контенттің сіз хабар бергіңіз келетін аудиторияға бағытталғанына көз жеткізіңіз. Мысалы, аудиторияны сатылым деңгейі бойынша бөліңіз. Нәтижесінде түрлі сала өкілдері қоюы мүмкін нақты сұрақтарға жауап беру қажет болады. Сіздің контентіңіз бірнеше сала өкілдеріне емес, бір сала өкіліне ғана бағытталуы тиіс. Сонда ғана тұтынушылардың қажеттіліктері бірден көзге көрінеді.

Evergage-тің зерттеуі бойынша маркетологтардың 88%-ы нақты топ өкілдерімен жұмыс істеу клиент тәжірибесін арттыруға көмектесетінін айтқан.

Контентті нақты адамдарға бағыттау электронды хатқа тұтынушының атын жазу ғана емес. Бұл әдіс контент арқылы тұтынушы мен бизнес арасындағы байланыс орнатады. Ал бұл байланыс брендтің дамуына алып келеді.

Диверсификация

Нәтиже сатылым деңгейін көтермейінше сізге бірнеше контент жасауға тура келеді. Бұдан кейін контенттің байланысын максималды дәрежеге көтеретін уақыт келеді.

Диверсификация – шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейту және жаңа өндіріс түрлерін игеру.

Диверсификацияның контент-маркетингтегі пайдасы да жетерлік. Бұл туралы «WordStream»-нің негізін салушы Ларри Ким былай дейді: «Егер сіз бір арнада өзін жақсы көрсеткен жалғыз мүйіздіні тапсаңыз, оны өзге арналарда да дамытыңыз. Бұл әсер ету деңгейін 100 немесе 1000 есеге ұлғайтуы мүмкін. Блогыңызда жаңа посттар салыңыз немесе жақын тақырыптағы материалдар дайындаңыз. Сонымен қатар сол тақырыпта өзге сайттарға арнап посттар жазыңыз. Әлеуметтік желіде жарнама жасап, өзіңіздің контент-жалғыз мүйізіңізді алға жылжытыңыз. Осы тақырыпты желіге арналған бейнежазба немесе суретке айналдырыңыз».

Контентті диверсификациялау арқылы стандартты посттар шеңберінен шығасыз. Ауқым деңгейін үлкен аудиторияларға дейін кеңейтіп, қаралым санын арттырасыз. Қарапайым посттар жазып қана қоймай, тұтынушыны тартатын сурет пен бейнежазбаларды да жариялаңыз. Себебі 54% тұтынушы өзі білетін бренд жайлы сурет пен бейнежазба алғысы келеді.

UGC

Көптеген адамдар контентіңіздің мақсаты сатылым деңгейін арттыру екендігін түсінеді. Бұл сенім және шынайылық жайлы сұрақтардың туындауына алып келеді. Осы себепті көпшілігі контент-маркетингтің стратегиясына UGC-ді (тұтынушылық контент) қосады. Себебі клиент тауарды сатып алмас бұрын өзге тұтынушылардың шынайы пікіріне назар салады. Өнім жайлы блогерлер мен мамандардың не айтатындығы қызығушылық тудырады.

Танымал брендтер үшін тұтынушылық контент жасау және қолдану – тиімді контент құрудың алғашқы қадамы. Сайтта жариялауға болатын пікірлер және «Google»-дағы оң ақпарат жақсы әдістердің бірі. Бірақ мұндай ақпараттарды жинау қажет.

Мысалы, инстаграм парақша арқылы науқан ұйымдастырыңыз. Бұл клиенттерді өз жарияланымдарында сіздің өніміңіз жайлы ақпаратпен бөлісуге жігерлендіреді. Осылайша қарапайым тұтынушылар арқылы брендтің танымалдылығын арттырасыз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!