Психология

Айкидо : компанияны жағымсыз пікірден қорғау жолдары

Айкидо арқылы қарсыласқа тойтарыс беру

Айкидо — жаудың күшін өзіне қарсы қолданатын жекпе-жек түрі. Келіссөздер кезінде қарсы тарап сізге манипуляция жасап, оған тойтарыс беретін жағдайлар болады. Balbal.kz мотивациялық сайты жағымсыз пікірлерден айкидо тәсілі арқылы қорғану жолдарын айтады.

«Керісінше» + біздің ұстанымымыз

Кінәлі адамның позициясын ұстанып қалмас үшін оппонентпен сөзге келмеңіз. Альтернатива: «керісінше» + біздің ұстанымымыз деген схемасын қолдану арқылы қарсыласқа мәдениетті түрде қарсы тұрып үйреніңіз. Мәселен:

 -Сіздің тауарыңыз өте қымбат.

Керісінше, біздің клиенттердің пікірінше тауарымыз бәсекелестерімізге қарағанда арзан.

-Компанияңыз белгіленген уақытта төлем жасамады.

Керісінше, біздің компания төлем графиктерін қатаң түрде сақтайды. Өз серіктестерінен де соны талап етеді. Олай болмағанда, бізбен жұмыс істеуден көп компания бас тартатын еді.

Оппоненттің алдында еңсеңізді биік, басыңызды тік ұстау маңызды. Ол жағдайда мына нәрселердің біреуін таңдаңыз: шыдау керек немесе компанияңызды қаралауға мүмкіндік бермеу.

Егер шыдаймын деген нұсқаны таңдасаңыз, қарсыласыңыздың тоқпағының астында қаласыз. Бұл жағдайда қалай агрессияға, эмоцияға жол бермей, өзіңізді аман алып шыға аласыз?

Айкидо стиліндегі әдіс-тәсілдер

Айкидо стиліндегі әдістерді қолдану арқылы оппонентің күшін өзіне қарсы бағыттаймыз.

«Оппонентің жағымсыз энергиясын өзіне қарсы бағыттау»- айкидодағы ең жұмсақ әдіс.

-Сіздің компанияңыз келісімшартта көрсетілген міндеттерді дұрыс атқармайды.

-Керісінше, келісімшарттағы бар міндеттерді уақытылы атқарады. Оған дәлел …

-Бос сөз, ғаламтор желісінен міндеттеріңіз орындалмай жатқанын оқыдым.

-Өкінішке орай, біз бір-бірімізге шектес тым шағымданып кеткен сияқтымыз. Себебі келіссөзде белгіленген мақсатқа жетуді қиындатып жатырмыз. Мен шағымнан гөрі талқылаған дұрыс деп санаймын.

«Жамбасқа лақтыру» — ең қиын тәсіл

-Сіздің компанияңыз келісімшартта көрсетілген міндеттерді дұрыс атқармайды.

-Сіздің сөздеріңіз біздің келісімшартта жазылған мақсатқа кері әсерін тигізуде. Талқылануға тұрарлық тақырып таңдасаңыз жақсы болар еді. Егер оны қаламасаңыз, мен серіктестікті жалғастыра алмаймын.

«Жамбасқа лақтыру» әдісі — оппонентке шабуылды тоқтату үшін берілетін сигнал. Бұл жағдайда қарсыластың ондай жалған ақпаратты қайдан алғанын білу маңызды емес. Жаңа әдіс арқылы оппонент айтқан ақпаратты жойып, әңгімені «БІЗ» деген арнаға бұрыңыз.

Келіссөздерді соғыс ретінде қабылдамаңыз. Ең жақсы стратегия — жеңіске жетуге талпыныс, бұл екі тарапқа да пайда әкеледі.

Егер бір тарап екіншісіне эмоционалды қысым көрсетіп, келісімшартты бұзуға әрекет жасаса, ашуға берілмеңіз. Эмоцияға ерік беру арқылы жеңіліске тап боласыз. Оппонент өзінің жағымсыз әрекетін жалғастыра берсе, кездесуді, серіктестікті доғарыңыз.

Есіңізде болсын, сіз — мамансыз, өзіңізді және компанияңызды басқаның ренжітуіне жол бермеңіз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!