Миллионер

Etsy.com арқылы кәсіп ашу мүмкіндіктері

Etsy.com арқылы кәсіп ашуға қанша қаражат кететінін оқып біліңіз

Etsy.com – тауарды онлайн сатуға мүмкіндік беретін сайт. Бұл платформаның ерекшелігі мұнда адамдар өздерінің хоббилерін саудалай алады. «Etsy»-де сатылатын тауарлардың басым бөлігі – хэндмейд, яғни қолдан жасалған өнімдер. Сайт негізінен ағылшын тілінде жұмыс істейді. Balbal.kz сайты Etsy.com арқылы кәсіп ашуға қанша ақша қажет керек екендігін анықтап көрді.

Шығынның негізгі түрлері

Etsy.com сайтында кәсіп ашу кезінде шығынның екі түрі болады:

  • Тауарды дайындауға қажетті шығын;
  • com сайтының салықтары мен өзге де қажетті қаражат.

Тауарды дайындауға қажетті қаржы

Тауарды дайындауға қажетті қаржы әркімде әр түрлі болады. Материалға қажетті ақшадан бөлек, сапалы суретке төлейтін қаржыны да қосуды ұмытпаңыз. Сонымен қатар тауарды өзіңіз жасайтын болсаңыз, бұл қаражат азырақ болады. Арнайы жұмыс күші қажт болса, олардың жалақасы тағы бар.

Etsy.com сайтының салықтары

Сайтқа тіркелу құны $1 құрайды.  Сонымен қатар дүкенде жарияланған әр листинг (хабарландыру) үшін сізден 25 цент сұрайды. Etsy.com сайтында жарияланған листинг 4 ай көлемінде сақталады. Егер бұл уақытта тауар сатылмаса, ол жарамсыз болып табылады. Әр листинг арқылы сатылған тауар үшін қосымша 25 цент төлейсіз.

Жоғарыда айтып өткен қаржы тек листингке салынатын салық. Ал сауданың өзінен түскен қаржыдан 5% ұсталып қалынады. Мысалы, тауардың бағасы 50 доллар делік. Жалпы түскен пайдадан 25 цент листинг үшін, 2,5 доллар жасалған сауда үшін төлейсіз. Мұның бір артықшылығы бар: сайт салық пен листинг құнын тек сауда жасалып, клиент ақысын төлегенде ғана сұрайды.

         Келесі комиссия «PayPal» жүйесіне арналады. Барлық транзакция «PayPal» арқылы іске асады. Комиссия құны дүкен тіркелген аймаққа байланысты 1,9-4,9 доллар аралығын құрайды.

Ендігі салық жеткізу қызметі үшін салынады. Бұл салықтың мөлшері $5 құрайды.

Тауардың бағасын белгілеген кезде салық пен өзге шығындарды есептеп алғаныңыз дұрыс. Себебі барлық шығын сіздің табысыңыздың есебінен жүреді. Нәтижесінде, әрбір сатылған тауар үшін сайт сіздің табысыңыздың 15% алып қалады. Мысалы, тауардың құны 50 доллар болса, салық пен комиссия үшін 7,5 доллар ұсталынады.

Бастапқы уақытта 15% көп қаржы болып көрінуі мүмкін. Алайда есіңізде болсын, сіз тауарыңызды доллармен сатасыз. Бұл сізге біршама пайда алып келеді. Etsy.com арқылы сауда жасайтын ТМД компаниялары тауардың негізгі құнын 2-5 есеге дейін көбейтіп сатады. Ал «Amazon» секілді сайттарда мұндай салық мөлшері 30% құрайды.

Бастапқы уақытта қанша қаржы керек?

Etsy.com арқылы кәсіп бастағыңыз келсе, 10 доллар  да жеткілікті. Өйткені дүкен ашылғанда бірден 40 листингті жариялаған дұрыс. Мұның құны 8 долларды құрайды. Тіркелу үшін тағы 1 доллар қажет. Қалған салық пен комиссия тек алғашқы сауда жасалғанда ғана сұралынады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!