Біліп жүр

ҰБТ-да жоғары балл жинауға көмектесетін 8 лайфхак

Помодорро әдісі бойынша ҰБТ-ға дайындал

ҰБТ-да мектептің бағдарламасынан тыс тапсырмалар болмайды.Тек қана оқымаған, дайындалмаған оқушы болады.

ҰБТ-ға қай уақыттан бастап дайындалған жөн?

ҰБТ-ға 10 сыныптан дайындалған дұрыс. 10 сыныптан бастап дайындалсаңыз күніне 3-4 сағаттыңызды ғана жұмсайсыз және асықпай, тыңғылықты дайындалуыңызға үлкен мүмкіндігіңіз бар.

Күн тәртібін жасаңыз

Әр күнге жүйелі жоспар құрыңыз:

— Мысалы: Күні: 3.07  сағат  8:00-9:30 уақыт аралығында тарихтан дайындалыңыз;

-10 минуттық үзіліс;

-3.07. сағат 9:40-11:10 уақыт аралығында қазақ тілінен дайындалыңыз;

-10 минуттық үзіліс;

-3.07 сағ 11:20-12:50 ге дейін тест жинақталған кітапшалармен дайындалыңыз.Осылай күн тәртібіңізді тиімді жоспарлап алыңыз.

Жұптық жұмыс істеңіз

Өзіңіздің салаңызды таңдайтын болашақ әріптесіңізбен бірге дайындалыңыз. Бұл өзіңізге де, жұбыңызға да пайда әкеледі. Тез жаттап аласыздар. Біріңіз білгенді біріңіз білмеуіңіз мүмкін.Сондықтан бұл сіз үшін тиімді әдіс болмақ.

ҰБТ-да мектеп бағдарламасынан тыс сұрақтар кездеспейді

ҰБТ-да кездесетін сұрақтардың барлығы 5-11 сыныптың бағдарламасы. 5-11 сыныптың кітабын алып, қажетті жерлерін сызып, түртіп алып жаттасаңыз, аз балл жинамайсыз.

Құлаққаптың пайдасы бар

Дайындалатын сабағыңыздың сұрақтары мен жауаптарын диктофонға жазып алыңыз. Соны кез келген жерде жүріп құлаққаппен тыңдап жүресіз. Бұл да керемет тәсілдің бірі.

Өз-өзіңізге мотивация бергеніңіз жөн

Бір сәт қиялға батып, өзіңіздің армандаған оқу орныңызға грантқа түсіп, студенттік өмірдің бал дәмін татып, группаластарыңызбен жүрген сәтті елестетіңізші.

Қалай елестететініңізді, арманыңызды күнделігіңізге жазып қойыңыз.

Тест жауаптарын еске сақтау қиынға соғуда ма?

Ендеше шоколад жеңіз.Есте сақтауыңызға көмектеседі және жаттауға таңғы 5-7 уақыт аралығы пайдалы. Өйткені бұл уақытта адамның миы дем алып, жаңарып , тазарып тұрады. Яғни  есте сақтау қабілетіңіз қабылдауға дайын тұрады.

Әр пәнге код жасаңыз

Мысалы: Тарих пәні

Сырдарияның бойындағы Сығанақ қаласы қыпшақтардың сол қанатының астанасы. Сонда код-ССС (Сығанақ-Сырдария-сол қанат)

Помодорро немесе Қызанақ әдісін қолдаңыз

Дайындалып шаршап кетсеңіз, осы әдіс сізге көмектеседі.

«Помодорро» әдісіне жүгінбес бұрын бүгінгі күніңізді жоспарлап алыңыз. Сізге бүгін не істеу керек еді? Қай жұмысты бітіру маңызды? Олардың қайсысы ұсақ-түйек тірлік? Осының бәрін анықтап алған соң, істелінуі керек шаруалардан тізім жасаңыз. Сөйтіп Қызанақ әдісін бастап кетіңіз. Ол дегеніміз:

  1. Уатсапқа қарамаймыз, поштаны тексермейміз. Сағат таймерін 25 минутқа қоямыз. 25 минутта тізімдегі бірінші шаруаны бітіріп тастаймыз.
  2. 25 минуттан соң 5 минут демаламыз. Уатсаптағы хатқа жауап беріңіз. Болмаса жай ғана жаттығу жасап, бой сергітіңіз.
  3. Таймерді қайтадан 25 минутқа қоямыз. Енді тізімдегі екінші шаруамен айналысамыз.
  4. Таймерді 25 минутқа осылайша 4 рет қоямыз. Әр 25 минуттан соң 5 минут үзіліс жасауды ұмытпаймыз. Ми да тынығу керек. Төрт шаруаны Қызанақ әдісінің көмегімен бітірген соң 30 минут немесе 1 сағат демаламыз. Ол уақытты ұтымды пайдаланып түскі ас ішуге, хаттарға жауап беруге, үй жинап шығуға болады.

Дайындаған: Аяулым Мирханқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!