Біліп жүр

Коммерциялық ұсынысты қалай жазамыз?

Коммерциялық ұсыныс – сауда-саттық, серіктестермен жұмыс істеуде қолданылатын тәсіл. Оны жазудың нұсқаулығын назарыңызға ұсынамыз.

№1 қадам. Мақсат.

Ұсыныста компанияның тауары мен қызметі жазылады. Сатып алушыға ұсынылған заттардың ең болмағанда біреуіне қызығушылық танытады деген үмітпен көрсетіледі.

Сатып алушының қажеттілігін білу, нақты қызмет пен тауар жайлы хабардар ету. Сондықтан бірінші кезеңде коммерциялық ұсынысыңыздың құру мақсатын анықтап алыңыз.

№2 қадам. Саны емес, сапасы.

Ұсынысты ұзақ етіп жазбаңыз. Саннан гөрі сапаны таңдап, мәтіннің қысқа нұсқасын ұсыныңыз. Серіктесіңізді мәміле немесе әрекет жасауға итермелейтін ақпарат көзінен алыстатпаңыз.

№3 қадам. Сіздің ұсынысыңыз немесе оффер.

Оффер – коммерциялық ұсыныстың маңызды элементі.

Келесі ұсыныстарға негізделу қажет:

қызметті жедел ұсыну;

қолжетімде баға;

қосымша қызмет;

жеңілдік;

жеткізу шарттары;

компанияның кепілдігі;

өнімнің бірнеше нұсқаcының болуы.

Ұсыныстың өтімді болуы бірнеше элементтің бірігуінен тұрады. Мысалы: қолжетімді баға, жеткізілу жылдамдығы немесе кепілдік.

№4 қадам. Сатып алушының мәселесін шешуге назар аударыңыз.

Сауатты коммерциялық ұсыныстың мақсаты – аудитория мәселесін шешуге бағытталған. Компанияның тауары немесе қызметімен шектелетін коммерциялық ұсыныс – бұл тұтынушыны қызықтыра алмайтын, пайдасыз дүние екенін ескеру қажет. Мәтінде «біз», «мен», «біздің» сөз тіркестері қаншалықты көп болса, оқырманды соншалықты аз қызықтырады. Тұтынушы компания жайлы мадақтау сөзге уақыт бөлгісі келмейді. Өзіңізге емес, тұтынушыға назар аударыңыз. Осы кезде коммерциялық ұсынысыңыз құнды болады.

№5 қадам. Баға.

Тұтынушы компанияның баға жүйесін түсінуі қажет. Ұсынысқа міндетті түрде баға жүйесін жаза кетіңіз. Немесе арнайы чек-лист жасап жіберіңіз. Коммерциялық ұсыныспен чек-лист жіберіп жатсаңыз, келесі кеңестерді ескеруіңіз керек:

1. Чек-листпен танысуға ынталандыруыңыз қажет. Мысалы: чек-листте жазылған барлық тауарға жеңілдік бар деп ұсынуыңызға болады.

2. Нақты баға жазылу қажет. Сатып алушыларға шамамен осындай деген сөз ұнамайды. Егер баға тауардың көлеміне байланысты өзгерсе, оны да жаза кету керек.

3. Мүмкін болса чек-лист деп жазбаңыз. Басқа сөз жазыңыз. Тұтынушы арнайы маған жасалған дүние деп ойлауы қажет.

4. Тауарға жеңілдік уақыты аяқталып жатса, оны да жаза кетіңіз.

5. Коммерциялық ұсынысты көрсетпес бұрын тағы бір тексеріп шығыңыз. Барлық сөз, әсіресе, сандар анық болуы қажет.

№6 қадам. Әрекетке шақыру.

Коммерциялық ұсыныстан кейін іс-әрекетке шақыру маңызды. Қоңырау шалу, сайтқа кіру, сатып алу туралы сұраныс жіберу қажет.

№7 қадам. Бірінші сатылымнан кейінгі рақмет.

Алғашқы сатылымнан кейінгі қадам – бұл ризашылық. Кез келген адамға рақмет деген сөзді есту жағымды.

Коммерциялық ұсыныстың түрлері

Негізгі коммерциялық ұсыныс

Ұсыныстың бұл түрі тек бір қызметті ұсынған кезде тиімді. Мысалы: сайтты қалай дамытамыз немесе оқырман санын қалай көбейтеміз.

«Жылы» коммерциялық ұсыныс

Белгілі бір адамға арналып жазылған ұсыныс. Бос сөз жазбаңыз. Тек қажетті ақпарат жазыңыз. «Жылы» коммерциялық ұсыныстарды келесі сөздерден бастауыңыз керек:«Әңгімемнің жалғасын баяндаймын…..»«Сіз сұрағандай жібердім…..» Ұсыныстан кейін тұтынушыға қайта хабарласып, талқылау қажет. Мысалы: тауарға қаншалықты қызығушылық танытты, не ұнады, нені нақтылағысы келеді.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!