Кітап

Колин Типпинг – «Радикалды кешірім» бестселлерінің авторы

Колин Типпинг өмірі мен кітаптары

Колин Типпинг мыңдаған адамның өмірін кітабы арқылы өзгерткен жазушы.  «Радикалды кешірім» бестселлерінің авторы. Осы еңбегі үздік әдеби сыйлық марапатына ие болды. Balbal.kz сайты автор жайлы материал дайындады.  

Балалық шағы

1941 жылы Англияда дүниеге келген. Колин ашық-жарқын бала болып өседі. Мектепті тәмәмдаған соң 4 жыл әуе күштері қатарында қызмет етеді. Қызметтен кейін колледжде білім алып, мұғалім болып жұмыс істейді. 1984 жылы гипнотерапевт-клиник мамандығы бойынша диплом алады.

Мансап жолы

Колин гипнотерапия теориясын ұстанады. 1992 жылы қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың жазылуына көмектесетін семинарлар жазып шығады. Теориясын сынап көру үшін әйелімен бірге Солтүстік Джорджия тауында тұратын тұрғындарға барады. Колиннің ойынша аурудың себебі адамдардың кешiрiмдi болмауында. Осы себеппен «радикалды кешірім» деп аталатын әдісті ойлап табады. Әдістің мақсаты – өткен оқиғаны жадыңнан шығарып тастау, қазіргі сәтпен өмір сүру, өмірлік бағытыңды анықтау. Колин осы әдісінің арқасында көпшілікке танылды. Сонымен қатар Радикалды Кешіру институтының негізін қалады.  1998 жылы «Радикалды кешірім: ғажайып үшін кеңістікке жол аш» деп аталатын алғашқы кітабі жарыққа шығады. Еңбек әдеби сыйлыққа ие болды.  Соңғы жылын компанияларға арналған жаңа әдісті ойлап табуға арнайды. Әдіс компанияның дамуына, қызметкерлер арасында кикілжіңнің болмауына арналды. Техниканы «кванттық басқару жүйесі» деп атады. Қолдану әдісін «Іс-әрекеттегі рухани ой-сана» кітабына жазып шығады.

«Радикалды кешірім» әдісінің жүйесі қандай?

Радикалды кешірім әдісі 5 қадамнан тұрады.

1-қадам. Сіз оқиғаны айтасыз, кім қалай сөйледі, жаныңызға ауыр тиген сөз.

2-қадам. Өзіңізді қалай сезіндіңіз, не туралы ойлағаныңызды айтасыз.

3-қадам.  Болған оқиғаны көз алдыңызға елестетіп саралап шығыңыз. Кейде адамдар кішкентай дүниені өздеріне үлкен етіп алады. Осы себеппен оның жарасы одан әрі үлкейе түседі.

4,5-қадам. Рухани көзқарас. Оқиғаның орын алуына қандай да бір себеп болған шығар. Нәтижесінде өзіме сабақ ала алдым ба деген сұрақтарға жауап іздейсіз.

Жеке өмірі

Болашақ жары Джо Эннмен Атланта қаласында танысады. 1990 жылы үйленеді. Джо Колиннің кез келген бастамасына қолдау білдіріп, жанынан табылатын.

Өлімі

Колин Типпинг 2019 жылы 28 маусымда қайтыс болады. Өлімінің нақты себебі анықталмады.

Кітаптары

1998 жыл «Радикалды кешірім: ғажайып үшін кеңістікке жол аш»

2009 жыл «Радикалды көрініс: өміріңді өз қалауың бойынша жаса»

2009 жыл «Радикалды карма: оқу-тәжірибелік құрал»

2012 жыл «Карма және радикалды кешірім»

2012 жыл «Радикалды кешіру әдістері. Радикалды көрініс»

2014 жыл «Радикалды кешіру әдістер»

2014 жыл «Радикалды кешірім. Қарым-қатынасты реттеу, ашудан арылу, кез-келген жағдайда өзара түсіністік табудың рухани технологиясы»

2015 жыл «Радикалды махаббат. Өмірлік жоспарды құру»

2017 жыл «Радикалды махаббат. Махаббат пен рухани құндылықты анықтауға арналған нұсқаулық»

2017 жыл «Радикалды өзін-өзі кешіру»

2018 жыл «Радикалды кешіру. 25 практикалық әдіс. Күнделікті мәселелерді шешуге арналған тәсіл»

Колин Типпингтің сұқбатын қарап шығуға кеңес береміз. Пайдалы ақпарат аларсыз деген үміттеміз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!