Біліп жүр

Ғарышқа жол тартқан миллиардерлер

Ғарышты игеруге бағытталған жобалар

Ғарышқа қызыққандар зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Миллиардерлер өз араларында бәсекелесіп, жаңа жобалар ашты. Balbal.kz мотивациялық сайты атақты кәсіпкерлердің ғарышты игеруге бағытталған жобалары туралы материал дайындады.

SpaceX

Space X (Space Exploration Technologies Corporation) – Илон Масктың 2002 жылы пайда болған компаниясы.

Жобаның мақсаты – адамдарды Марсқа шоғырландыру. Себебі күннен-күнге адам саны өсіп, ресурстар азайып барады.

Компания адамдарды Марсқа таситын зымырандарды шығарумен айналысады.
Space X-тің ғарыш саласына қосқан үлесі:
Falcon моделіндегі зымырандарды жасады;
Dragon тасымалдаушы ғарыш кемесін жасады;
Kestrel, Merlin, Drago, Raptor атты зымыран қозғалтқыштары пайда болды.
2013 жылы ұшырылған тасымалдаушы зымыран ғарыш индустриясында ең арзан боп есептелді. Оның бағасы – 56,5 миллион доллар.
Hyperloop вакуум пойызы жарық көрді.

Blue Origin

Blue Origin – 2000 жылы пайда болған америкалық аэроғарыш компаниясы. Негізін салған – Джефф Безос. Компания ғарыш туризмімен айналысады. Яғни зерттеуші маман, спутникті телевизия т.б. өз зымырандары арқылы саяхат жасайды.
2019 жылы НАСА-ның таңдауымен Айға қонуға арналған ғарыш аппараттарын жасайды.
Ғарыш саласына қосқан үлесі:
Charon, Goddard. New Glenn зымырандары, New Shepard ғарыш кемесі, Blue Monn айға қону модулін жасап шығарды.
Техас, Канавералда ғарыш айлағы бар.

Пол Аллен

Пол Аллен Билл Гейтспен бірге Microsoft корпорациясының негізін салған. 1983 жылы Microsoft-тан кетеді. Содан кейін ғарыш саласына қаржы құяды. Ол бірінші SpaceShipOnе атты суборбитальды кемені жасап шығаруға инвестиция жасайды. Нәтижесінде кеме іске қосылды.
1986 жылы туған әпкесі Джоди Алленмен Vulcan Inc компаниясының негізін салды. Ол Жер орбитасындағы қалдықтарды үнемді түрде шығаратын құралдарды жасайды.

Компания табиғи ресурстарды үнемдеу, химиялық шығынды азайту, жасыл энергия сияқты мәселелерді қарастырады.

2005 жылы ол Allen Telescope Array атты радиотелескоптың құрылысына қаражат салды. Телескоп Жерден тыс өмірді іздеу үшін ойлап табылған.
2011 жылы Stratolaunch Systems компаниясын құрады. Ол аэроғарыш жүйесін құру үшін құрылған американдық әуе-ғарыштық компания. Жүктерді ғарышқа тасиды.

Оқи отырыңыз: «Дипломсыз байыған миллиардерлер»

Virgin Galactic

Туристік суборбитальды ғарыш саяхаты және кіші жасанды спутниктерді ұшырады. Өз клиенттеріне орбиталық рейстерді ұсынады. 2004 жылы құрылды. Негізін салған – Ричард Брэнсон.
16 шақырымға көтеріледі. SpaceShipTwo ғарыш кемесі WhiteKnightTwo үдеткіш ұшағынан шығарылып, өздігінен келесі жолға түседі. Ұшу уақыты — 2,5 сағат. Ғарыш кемесінің бортына сегіз адамға дейін сияды: екі ұшқыш және алты жолаушы. 2009 жылғы бір билет құны $ 250,000 болды.
Ғарыш саласына қосқан үлесі:
Virgin Atlantic Global Flyer, WhiteKnightOne, SpaceShipOne атты кемелерді жасап шығарды.
2011 жылы алғаш «Америка» жеке космопортын ашты.

Breakthrough Starshot

StarChip жеңіл желкенді пайдалана отырып, жұлдызаралық ғарыш кемесі тұжырымдамасын әзірлеуге арналған ғылыми-техникалық жоба. Авторы – Пит Уорден.
Ғарыш кемелерінің бұл түрі Жерден 4,37 жарық жыл қашықтықта орналасқан Альфа Сентаверидің жұлдыздар жүйесіне жете алады. Бұған шамамен 20 жыл уақыт кетеді.

Жобаның мақсаты — саяхат емес, тұжырымдаманы дәлелдеу, зерттеу. Оған қол жеткізу барысында Күн жүйесін зерттейді және астероидтерден қорғайды.

 

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!