Біліп жүр
Буындар теориясы: X, Y, Z ұрпақтар сабақтастығындағы ерекшелік
X, Y, Z буындар теориясың бизнестегі әсері
X, Y, Z буындар теориясы дегеніміз – әр ғасырда дүниеге келген буынның өзіне тән ерекшелігін анықтау. HR сарапшыларының пікірінше, теория кадрларды тарту және басқару үшін кең мүмкіндік береді. Balbal.kz мотивациялық сайты X, Y, Z буындар кімдер екенін және ол теорияның маңыздылығын материал ретінде ұсынады.
Теорияның пайда болуы
1991 жылы алғаш АҚШ зерттеушілері Нейл Хоув және Уильям Штраус жасқа байланысты ерекшеліктерді байқады. Олар әртүрлі ғасырда дүниеге келгендердің құндылықтарын салыстырып, теория жасады. Бұл айырмашылықтардың өз себебі бар. Мысалы, экономика мен саясаттағы жағдай, қоғамның технологиялық дамуы және т.б. Біраз уақыт өткен соң, теория практикада қолданыла бастады. Ол бизнесте өте тиімді болды.
Жас ерекшелігі теориясына үш негізгі компонент кіреді: X, Y және Z ұрпақтары мен бэби-бумерлер.
Бэби-бумерлер
Бэби-бумер санатына 1943-1963 жылдары туған адамдар кіреді. Әдетте бұлар топпен жұмыс істеуге, топтық ойынға қызығушылық танытады. Олар өзін-өзі дамытуды ұжыммен байланыстырады.
Бэби-бумерлердің көбісі қазіргі уақытта зейнетте, бірақ әлі де жұмыс істейтіндері бар. Осы ұрпақтың ерекшелігі — денсаулығы мықты және төзімді.
X буыны
Х ұрпағы — бұл 1963 жылдан 1983 жылға дейінгі адамдар. Олардың ерекшелігі – өзіне ғана сену, балама ойлау, әлемде болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болу, өзгеруге дайын.
Жалпы алғанда, осы жас санатындағы адамдар ауыр еңбекке ұмтылады және жеке жетістікке жетуге тырысады. Олар жылдар бойы жұмыс мансабында бір бағытты ұстанады.
Y буыны
1983-2003 жылғы адамдар. Олардың адалдық пен сәттілік туралы түсінігі басқаша. Көбіне олар кәсіби өсуді ең төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Себебі бір орында қалып қоямыз деп қорқады. Олардың негізгі бағдары — тез арада өсу. Бұл, сонымен қатар, олардың кемшілігі де.
Мұндай кемшілік олардың максималды еңбектенуіне, ізденуіне себепші болады.
Y буынын қазіргі заманғы бизнестің үміті деп санайды. Өйткені оған техникалық сауаттылық, бос графикпен жұмыс істеу және білімге деген құштарлық тән.
Z буыны
2003 жылдан кейін туылған балалар. Оларды кәсібилік тұрғысынан бағалауға әлі ерте. Қазіргі уақытта олардың санасында қандай құндылықтар басым болатынын айту мүмкін емес.
Буындар теориясы арқылы кадр таңдау
Бізге X, Y, Z ұрпақтары туралы білу не үшін керек? Осы ұрпақтардың құндылықтарын түсіне отырып, біз кадр таңдау мәселесінде шатаспаймыз. Олардың әрқайсысына әсер ететін тәсілді қолданамыз.
HR сөзі де «Адами ресурстар» дегенді білдіреді. Яғни адамдар ресурсын анықтау. Қазіргі HR мамандары адам мүмкіндіктеріне көбірек назар аударады. Компаниялардың материалдық базасы емес, қызметкерлердің әлеуеті жоғарыға жетелейді деп есептейді
Әр буын үшін қандай жағдай қолайлы?
Қызметкерлермен жұмыс істегенде әртүрлі жастағы адамдардың қажеттіліктері де әртүрлі болатынын түсінуіңіз керек.
Бэби-бумерлер үшін:
Бэби-бумерлер — тұрақты қажеттіліктері бар ұрпақ. Олардың сұранысы тұрақтылыққа бағытталған. Бұл адамдарды ұзақ уақыттық жұмыспен қамту арқылы материалдық игіліктерсіз де ынталандыруға болады.
X ұрпағы:
X ұрпағының негізгі мотивациясы – корпоративті мәдениетке интеграциялану қажеттілігі, болашаққа сенімді болу және жұмысын нақты білу. Үнемі оқу және тұлғалық өсу мүмкіндігін мотивация ретінде пайдалану керек.
Егер мәселенің қаржылық жағы туралы айтатын болсақ, онда Х ұрпағы белгіленген жалақыға қызығады. Ал пайыздық коммерциялық ынталандыру жүйесі оларға жағымды эмоциялар тудырмайды.
Y буыны:
Y буынын жиі «желілік буын» деп атайтындығын ескере отырып, оларды интернет, әлеуметтік желі арқылы тартуға болады.
Бұл ұрпақ үшін негізгі мотивация – ақшалай сыйақы. Маңыздысы – бюрократиялық «проблемалар» мен технологиялық ақаудың болмауы.
Сонымен қатар, Y буыны тыйым мен шектеулерді ұнатпайды. Мұнда тыныш атмосфера, әріптестермен қарым-қатынаста еркіндік, қолайлы киім кию және т.б. маңызды. Егер жұмыс тәртібі графиксіз болса, тіпті жақсы.