Біліп жүр

Ганнинг индексі немесе оқылым көрсеткішін анықтайтын формула

Күрделі мәтінді қарапайым ету жолы

Роберт Ганнинг индексі – мәтіннің оқылым көрсеткішін анықтауға арналған формула. Бұл индекс мәтін құрылымын, күрделі немесе қарапайым екендігін бағалайды. Роберт Ганнинг жасап шыққан формуланы кез келген копирайтер білуі шарт.

Ганнинг индексінің мәні неде?

Копирайтердің мақсаты – оқырман назарын аударту, клиентті баулу. Бұл үшін автор өз оқырмандарын бес саусағындай білуі керек. Онымен бір тілде сөйлесіп, жан-дүниесін ұғына алуы қажет. Осы жағдайда ғана мәтіннің мақсаты орындалады.

Роберт Ганнинг индексінің мәні – мәтіннің қарапайымдылығы, қабылдау жеңілдігі, оқылым деңгейін білу. Индексті анықтаудың өзіндік формуласы жасалған. Ал сандар шкаласы жас мөлшеріне сай етіп құрылған. Мысалы, бала 6-7 жаста мектеп табалдырығын аттады делік. Бала өскен сайын оның мәтінді қабылдау деңгейі арта түседі. 18-19 жасқа келгенде Ганнинг жүйесі бойынша құрылымы 12-ге тең мақала, кітаптарды оқи алады. Бұл цифр 17-19-ды көрсетсе, доцент және гениилер ғана түсіне алады дегенді білдіреді.
Қазіргі уақытта жанрлардың оқылым деңгейі осы формула арқылы анықталып қойған. Махаббат жайлы романдардың оқылымы индекс шкаласында 7-8 баллға тең. Бұл 8-сынып оқушысының оқу деңгейімен бірдей. Ал газет беттеріндегі мақала шкала бойынша 9-10 балл. Демек

Оқылым деңгейін анықтау формуласы

Мәтіннің оқылымын анықтау қиын емес. Арнайы формуланы білсеңіз жеткілікті.
Алдымен, мәтіннен сараптама жасағыңыз келетін бөлікті таңдап алыңыз. Үзінді 1-2 абзацтан құралып, сөздер саны 100-200 аралығында болуы тиіс. Бұдан кейін сөйлемдегі сөздердің орташа санын анықтау керек. Бұл үшін мәтіндегі сөздер санын сөйлем санына бөліңіз. Даталар мен сандар бір сөз ретінде есептелінеді. Ал құрмалас сөйлемді екі сөйлемге бөліп санайсыз.
Үзіндідегі күрделі сөздерді санап шығыңыз. Күрделі сөз үш немесе одан да көп буыннан құралады. Бірақ біріккен сөздерді, қосарланған сөздерді (магнитті-резонансты), жалқы есімдерді (Мақсат, Көкшетау), кәсіби терминдерді есепке алмаңыз.
Енді формуланың өзіне де келдік. Күрделі сөздер санын жалпы сөздер санына бөліңіз. Мұның пайыздық мөлшерін анықтау үшін 100-ге көбейтіңіз. Шыққан нәтижені жоғарыда есептеген сөйлемдегі орташа сөз санына қосыңыз. Енді бұл санды 0,78-ге көбейтіңіз. Бұдан шыққан қорытындыны 0,4-ке көбейтесіз. Осы шыққан нәтиже Ганнинг индексі болып табылады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!