Біліп жүр

Google Chrome және өмірді жеңілдететін қызметтер

Google Chrome ұсынатын тиімді қызметтер

Google Chrome қазіргі кездегі кең қолданыс тапқан платфоманың бірі. Ал компьютер алдында ұзақ уақыт өткізетін жанның сенімді көмекшісі. Жалпы, жұмысқа байланысты әр адам компьютер алдында орта есеппен 5-6 сағат өткізеді. Оның жартысы қажетсіз жарнамаға, бірнеше қосымшамен жұмыс істеуге кетеді. Уақытты осылай құр өткізбеу үшін Google Chrome тиімді қызметтерін пайдалануға болады.

Sticky Note

Ыңғайлы, көп қызметті және қарапайым жазу дәптері. Тетікті басу арқылы көз алдыңызда олдскулды кітапша пайда болады. Ол жіңішке және жұмыс істеуге бөгет болмайды. Керек нәрсенің барлығын жазуға болады. Ең бастысы, браузерден шықпай жұмысыңызды жалғастыра бересіз.

Grammarly

Ағылшын тілінде жұмыс істейтін немесе ағылшын тілін үйренушілерге аналған. Ол грамматика мен орфографиялық қателерді тексереді. Оны барлық жерде де жасай алады. Бұл тиімділігін арттырады. Сонымен бірге жазылу дұрыстығын түсіндіреді. Екі рет басқан кезде сөздің синонимін ұсынады.

Momentum

Жаңа қосымша бет ашылғанда күннің картинасын ұсынады. Амандасып, сізді атыңызбен атайды, уақыт пен жігерлі сөздерді көрсетеді. Әрі ауа-райын да көрсете алады. Назарыңызды тек қажетті нәрсеге ғана аударады.

What Runs

Ірі сайттарды бақылауға мүмкіндік береді. What Runs сайттың қандай CMS арқылы жұмыс істейтінін көрсетеді. Қандай жазу түрі қолданылғанын анықтай алады.

Noisli

Сервистің кеңейтілген нұсқасы. Бұл арқылы бір уақытта желдің, өзеннің, жаңбырдың, пойыздың дауыстарын пайдалану арқылы жеке дыбыс жасауға болады. Сонымен бірге адамға лық толы кафенің және ақ, қызғылт, қоңыр дыбыстар бар. Ақ дыбыс – медитация жасау үшін, қызғылт – ұйықтауға және бойды еркін ұстауға, қоңыр – зейін қоюға арналған.

Бұл дыбыстар тікелей браузерден қосылады. Алдын-ала түрлі мақсатқа байланысты құрылады.

Eye Care

Барлығымыз көздің саулығына назар аудармай жатамыз. Бұл қосымша әрбір 25 минут сайын экрнаннан алшақтау керектігін еске салып отырады. Ол көзге арналған бірнеше жаттығуларды көрсетеді.

Rescue Time

Өзіңізді, әдеттеріңізді бақылауға арналған қызмет. Сіз ғаламторда немен айналысқаныңызды жазып отырады. «Rescue Time» түрлі сайттарда өткізген уақытыңызды есептейді. Айлық, апталық немесе жылдық кестені қарауға болады. Өзіңіздің жұмыс барысында неге баса назар аударатыныңызды немесе қайсыған уақытыңызды құр өлтіретініңізді анықтай аласыз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!