Біліп жүр
Майкл Роуч: Бизнес бастамас бұрын ойыңызда дәнек егіңіз
Майкл Роучтың бизнес пен жетістік туралы кеңестерін оқыңыз
Майкл Роуч – тибет буддизмінің америкалық ұстазы, жазушы. Майкл Сера Мей ғибадатханасында «Геше» деңгейін иеленген бірінші американдық. Буддизмнен бөлек ол бизнеспен де шұғылданады. Ол ірі алмаз корпорациясын құрған, бірнеше қайырымдылық және білім беру орталықтарын ашқан. Balbal.kz сайты Майкл Роучтың вебинарларында берген кеңестерін назарыңызға ұсынады.
Жетістікке жетудің үш жолы
Адам табысқа жеткісі келсе, негізгі үш нәрсені орындауы керек. Бұлар: медитация, ойында дәнектер отырғызу, бақытты отбасылық өмірді жасау. Бұл үшеуін біріктірген кезде адам жетістікке жетеді.
Тибетте 25 жыл буддизмнің негізін үйрендім. Шешуші сынақты тапсырған соң, ұстазым бизнеспен шұғылдануды кеңес етті. Кәсібімді бастаған кезде өзім үйренген буддизмнің ережелерін қолдандым. Қазір компанияда барлығы 10 000-нан астам жұмыс істейді. Жылдық айналымы $250 000 құрайды.
Адам ойында дәнек егуі керек дегенді былай түсіндірейін. Сіз өзіңізде бар нәрсені біреуге бере алуыңыз керек. Сонда ойыңызда осы нәрсеге қатысты дәнек пайда болады. Егер бұл дәнек өсетін болса, берген затыңыз өзіңізге бірнеше есе болып қайтып келеді.
Дәнекті қалай өсіруге болады?
Біз бизнесмендерді дайындау үшін әлемді аралаймыз. Түрлі сабақтар мен вебинарлар өткіземіз. Бизнесмендердің қоятын басты сұрағы «Сіз айтқан нәрсені бизнесте қалай қолдануға болады?». Тибетте 2 000 жылдан асып кеткен танымал 4 әдіс бар. Біріншісі, өзіңізге не керегін анықтап алыңыз. Мысалы, биыл жалақымды 2 есе ұлғайтқым келеді. Екінші, өзіммен мүдделес адамды табу. Ол адам да сіз қалаған нәрсені қалауы керек. Үшінші, бұл адамға көмектесу керек.
Менен бизнес ашуға көмек сұраған бір адам болды. Мен оған өзге адамға көмектесуі керек екенін айттым. Ол Аргентинада йога орталығын ашқысы келетін әйелге көмектесті. Олар бірінші жылы 1,5 миллиард доллар табыс тапты. Кейін екеуі отбасы құрды.
Төртінші қадам, медитация жасау. Егер ойыңызда дәнек ексеңіз, оны суарып отыру керек. Ұйқы алдында мына сөздерді айтыңыз: «Бүгін мен бір адамға көмектестім. Мен уақытымды осылай өткізгеніме қуаныштымын». Міне, дәл осы сөздер ойыңыздағы дәнекті суарады.
Ақша жақсы істерді тудырады
Алмаз бизнесі ең лас кәсіптердің бірі. Мұнда жемқорлық дендеген. Алайда менің ұстазым дәл осы кәсіппен шұғылдануымды қалады. Менің осы жемқорлық негізінде құрылған жүйені өзгертуімді қалады. Ақша әрқашан жемқорлықты тудырмайды. Ақшаның әсерінен жақсы істер де дүниеге келеді. Мысалы, біреу ақша тауып, өз анасына көмектеседі.
Қиын кезең – ең жақсы кезең
Дағдарыс пен қиындық адамды әрекет етуге итермелейді. Олар жаңа нәрсені жасап көреді. Адамда барлығы болған кезде алдыға жылжымайды. Өздерін жақсы сезінетін ортада биікке ұмтылмайды. Ал ешнәрсе болмаса, бұл келеңсіздіктен құтылғысы келеді.