Біліп жүр

Қоғамдық жұмыс: Талаптары мен айлық сомасы

Қоғамдық жұмыс жайлы естіп пе едіңіз?

Қоғамдық жұмыс жобасы жайлы естіп пе едіңіз? Белгілі бір салада біліміңіз болмаса да жұмыс істеп, айлық ала аласыз. Balbal.kz сайты Алматы қаласындағы Жұмыспен қамту орталығынан консультация ала отырып, жоба жайлы материал дайындады.

Қоғамдық жұмыс деген не?

Қоғамдық жұмыс 2010 жылдан бері іске асады. Оған 18 бен 63 жас аралығындағы адамдар қатыса алады. Компания иесі немесе кәсіпкер enbek.kz сайтына тіркеліп, өтініш тастайды. Осындай жұмыс істеуге дайынмын дейтін адамдарды жіберуін сұрайды. Жұмыс істеуге келген адамға компания иесі емес, мемлекет ақша төлейді. Жұмыскер мемлекеттен 12 ай бойы айлық алады.

Ал жұмыс істегісі келетін адам қай салаға баратынын өзі таңдайды. Диплом қажет емес. Мысалы, хатшы, оператор, журналист болып жұмыс істеп көруге мүмкіндік бар.

Жобаға қажет құжаттар тізімі

Оқушы болсаңыз:

Куәлік;

Kaspi немесе Jysan банкінің шоты;

Мектебіңізден 4 немесе 8 сағат босатылды деген анықтама;

Қалалық тіркелу анықтамасы.

Студент болсаңыз:

Куәлік;

Kaspi немесе Jysan банкінің шоты;

Оқу орныңыздан 4 немесе 8 сағат босатылды деген анықтама;

Қалалық тіркелу анықтамасы.

Егде жастағы адам болсаңыз:

Куәлік;

Kaspi немесе Jysan банкінің шоты;

Жұмыссыздық анықтамасы;

Қалалық тіркелу анықтамасы.

Бағдарлама арқылы қызметкер алғыңыз келсе:

Кәсібіңіз жайлы электронды анықтама (ЭЦП-кілт);

Enbek.kz сайтына тіркелесіз;

Enbek.kz сайтына кіріп, онлайн түрде келісім-шарт жасайсыз.

Бекітілген айлық сомасы

Егер 4 сағат жұмыс істесеңіз, 42500 теңге аласыз. Ал 8 сағаттық жұмысқа 85000 теңге төленеді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!