Біліп жүр

Шет тілдегі сөздерді есте сақтаудың техникалары

Шет тілдегі сөздерді қалай есте сақтаймыз?

Шет тілдегі сөздерді жаттау барысында қиындық туындайтыны мәлім. Алайда шет тілде еркін сөйлеп кету үшін сөздік қорың мол болуы шарт.  Ендеше шет тілін үйреніп жүрген оқырмандары үшін Balbal.kz мотивациялық сайты  шет тілдегі сөздерді жаттау техникасымен бөліседі.

Жаттаған сөздерді неге ұмытып қаламыз?

Ақпаратты меңгеру барысында бір сағаттан соң  жатталғанның тек 44%-ы есте қалады. Ал бір аптадан кейін 20%-ы ғана есімізде сақталатыны өкінішті. Өйткені ми көп ақпарат жиналған сайын қажетсізін жойып отырады екен.

Есте сақтау қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ал біз жаңа сөз, жаңа терминмен танысқан кезде, ми оны алдымен қысқа мерзімде есте сақтайды. Ақпарат ұзақ мерзімде сақталу үшін оны кәдеге жарату керек.

 Қайталау техникасы

Тез жаттап алу үшін
1-ші қайталау Жаттап болған соң
2-ші қайталау 15-20 минуттан соң
3-ші қайталау 6-8 сағаттан соң
4-ші қайталау 24 сағаттан кейін
Ұзақ мерзімде есте сақтау үшін
1-ші қайталау Жаттап болған соң
2-ші қайталау 20-30 минуттаң соң
3-ші қайталау Бір күннен кейін
4-ші  қайталау 2-3 аптадан кейін
5-ші қайталау 2-3 айдан кейін

Сөздерді есте сақтаудың 10 әдісі

  1. Мағынасын түсініп, ықыласпен жаттаңыз. Өзін-өзі қинап жаттату кезінде ақпарат мида  9 есе жай қабылданады.
  2. Ең қажетті сөздер тізімін құрыңыз. Сіз жиі қолданатын сөздерді бірінші жаттауға тырысыңыз.
  3. Белгілі бір тақырып таңдап, сол саладағы сөздердің тізімімен жаттаңыз.
  4. Сөздерді антонимімен қоса жаттау. Антонимдер тез жатталады. Сондықтан day сөзін жаттап жатсаңыз, антонимі night деп есіңізге алып отырыңыз.
  5. Байланыстырыңыз. Мысалы, бөлмеде отырып, сөздерді жаттау кезінде сол зат бөлмеде бар ма, жоқ па қарап шығыңыз. Осылайша заттармен байланыстырып жаттап шығасыз. Бөлмеден шығып, бірнеше сағаттан соң сол бөлмеге келіп сөздерді қайталап көріңіз.
  6. Ассоциация. Таныс сөздермен ассоциация жасаңыз. Мысалы, look (қарау) сөзі орыстың лук (пияз) сөзіне ұқсайды. «Пиязға қарау» деп жаттасаңыз болады.
  7. Әндетіп айтып көріңіз. Әндердің сөзін бірден жаттап алатынымыз бар. Сол сияқты сөздерді де бір әуенге салып айтып көріңіз.
  8. Диктофон қолдану. Сөздерді диктофонмен айтып, кейін соны бірнеше рет тыңдаңыз. Тыңдау арқылы ести сақтайтындар үшін бұл тиімді әдіс.
  9. Визуализация. Сөздердің мағынасына сәйкес әрекет етіңіз. Эмоцияға қатысты сөздер болса, ым-ишара, мимика арқылы көрсетіп отырыңыз. Етістіктер болса, сол істі қайталаңыз.
  10. Сөздерді әңгіме барысында қолданыңыз. Таза сол тілде сөйлемесеңіз де, білетін сөздерді достарыңызбен, жақындарыңызбен сөйлескен кезде қатыстырып көріңіз.
  11. Сол тілдегі кино, мультфильмді көбірек қараңыз.

Дайындаған: Скендирова Қырмызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!