Саяхат дайындықты қажет етеді. Егер еш жоспарсыз демалысқа аттансаңыз қалтаңызға ауыр болуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмау үшін саяхаттың жоспарын құрыңыз. Назарыңызға қызыққа толы саяхатты жоспарлау әдісін ұсынамыз.
1-қадам. Не қалайтыныңызды анықтау
Сіз саяхат барысында немен айналысқыңыз келеді? Қай жерге барғыңыз келеді? Бұл сұрақтардың жауабын табу үшін бұрын сол елде болған достарыңызбен ақылдасыңыз. Егер мұндай танысыңыз болмаса, ғаламтор көмегіне жүгініңіз. Саяхатшыларға арналған әлеуметтік желідегі топтарды табыңыз. Осы жерден бірнеше кеңестер алыңыз. Қазір саяхат тақырыбындағы блогтар мен сайттар да жетерлік.
2-қадам. Көргіңіз келетін жерлердің тізімін жасау
Алдымен навигаторда көрсетілген орындар тізімін жасаңыз. Өзіңізге қызыө орындарды белгілеңіз. Егер көлік жүргізбейтін болсаңыз, қоғамдық көлікпен бару мүмкін емес орындарды тізімнен сызып тастаңыз.
Жасалған тізімнен бірнеше маңызды орындарды белгілеп алыңыз. Оларды біріктіріп, бағыт жасап көріңіз. Бұл орындарды не біріктіріп тұрғанына назар аударыңыз.
3-қадам. Бағыт құру
Карта арқылы бір орыннан екінші орынға қанша уақытта баруға болатынын есептеңіз . Сосын тағы 1,5-3 сағат қосыңыз. Бұл сіз білмеген кідірістерге арналады. Жергілікті автобустардың уақыт кесетесін немесе көлік жалға беретін компаниялардың мекен-жайын тауып алыңыз.
Жатын орын табыңыз. Алдын-ала брондаудың қажеті жоқ. Бағалармен өзіңіз танысып шыққаныңыз дұрыс.
4-қадам. Шығынды есептеу
Саяхат кезінде өзіңізбен бірге қосымша ақша қорын алып жүріңіз. Рейске кешіккен жағдайда, заттарыңызды ұрлап кеткенде, жеке куәлігіңізді жоғалтқанда немесе қажетті затты сатып алу үшін қажет болады.
Қызыққа толы саяхатты жоспарлау үшін әуелі шығынның максималды көрсеткішін есептеңіз. Күндік шығын лимитін қойыңыз.
5-қадам. Қажетті заттар тізімін жасау
Көптеген саяхатшылар жолға шықпас бұрын бір нәрсені қалдырып кетуден қорқады. Өзіңізге сенімді болу үшін барлық қажетті заттардың тізімін жасаңыз. Мұндай тізімнің мысалы:
— Құжаттар: жеке куәлік, сақтандыру, қажет жағдайда екпелердің халықаралық сертификаты, брондау қағазы, кері билет;
— Ақша: қолма-қол ақша, кредит карталары (екеу болғаны дұрыс);
— Техника: қалта қуаттағышы, су өткізбейтін қап, фотоаппарат;
— Арнайы құралдар (қажет жағдайда);
— Жеке гигиена заттары: тіс щеткасы, дезодарант, көзілдірік, крем және т.б.;
— Дәрі дәрмек: қызу түсіретінт дәрі, бас дәрісі, ауру басатын дәрі;
— Ыңғайлы аяқ-киім: кроссовка, жеңіл аяқ-киімдер;
— Жеңіл және шағын сөмке;
— Киім-кешек: тек қажеттісін ғана алыңыз.
Дайындаған: Назархан Уән