Миллионер

Zappos-ты жетістікке жетелеген ережелер

10 жыл ішінде үлкен компанияға айналған Zappos онлайн-дүкені корпоративтік мәдениет тұрғысынан алғанда әлемдегі нөмірі бірінші компания болып саналады. Батыс көшбасшылары мен менеджерлері корпоративтік мәдениеттің күші туралы сөз қозғап, бизнес мәнерін сипаттағанда көбінесе «Zappos-like» немесе «Zappos-style» сияқты сөздерді пайдаланады. Balbal порталы осы компанияның ұжымы қалыптастырған қызық ережелерді топтастырып, назарларыңызға ұсынады.

Zappos компаниясының ең қызықты ережелері:

  1. Жұмысқа қабылдау кезінде өтініш берушіден бұрынғы жұмыс орнындағы жетістіктері туралы әңгімені талап етпейді. Керісінше, ол өз қателіктерін айтып, өмірі туралы әңгімелерді баяндайды. Әңгімелесу «жалғыз жүрек клубында» кездесу түрінде, салтанатты стильде безендірілген, музыка, сусындар мен тағамдары бар кішкентай залда еркін түрде өтеді.
  2. Жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлер төрт айлық оқу курсынан өту керек. Компанияның әрбір қызметкері, тазартушыдан басшыға дейін, клиенттерді жақсырақ түсіну үшін байланыс орталығында екі апта бойы жұмыс істеуге міндетті.
  3. Жаңа келген қызметкер жұмыстың бірінші күнінде  Zappos-та жұмыс істеуден бас тартқан жағдайда 2 мың доллар айыппұл төлейді.
  4. Әрбір қызметкер жұмыс орнын өз қалауы бойынша безендіре алады. Кейбіреулер кеңседе төсек салып, шаршағанда ұйықтайды. Шығармашылық тұлғаларды ешкім шектемейді, керісінше компания жөндеу жұмыстарының ақшасын төлейді. Zappos кеңсесінде сіз попкорн, гольф алаңын, түрлі роботтарды да таба аласыз.
  5. Кез-келген адам Лас-Вегаста орналасқан Zappos-тың кеңсесін экскурсияға тіркелу арқылы көре алады. Экскурсияға тек бір ғана адам тіркелсе де оған арнайы автобус немесе тікелей ұшақ жібереді (бұл бір рет болған). Кеңседе суретке түсіп, кез-келген нәрсеге қол тигізіп, қызметкерлермен сөйлесіп, бөлмелерді аралай аласыз. Осылай корпоративтік мәдениетке енесіз.
  6. Қызметкерлер Zappos желісіне кіргенде тек логин мен парольден бөлек, экранда кездейсоқ таңдалған компанияның бір қызметкерінің суреті шығады. Оның атын енгізу қажет. Әрине, қате жауап берсе де қызметкер желіге кіреді, бірақ оның жауабы компаниядағы жеке рейтингіне әсер етеді. Бұл ереже арқылы әріптестер бірін-бірі тани түседі.
  7. Компанияда сенім атмосферасы қалыптасқан. Әрбір қызметкер, әрбір серіктес компаниялар Zappos-тағы барлық тауарлар туралы ақпаратты көріп отырады. Бұл ашықтық керемет сенім атмосферасын жасайды.
  8. Компанияның әр қызметкерінің үстелінде клиенттерге жіберілетін ашықхаттар жиынтығы бар. Zappos қызметкерлері қарапайым сатып алушыларға осы ашықхаттарды өз қолымен жазып, жағымды саяхат тілейді және аяқкиімнің сапасын жазып, ықтимал проблемалар туралы сұрайды. Тұтынушыларына почта арқылы қолмен жазылған ашықхаттар үнемі жолданады.

Zappos — таңғажайып корпоративтік мәдениетпен айналысатын компания және оның ерекшеліктері жоғарыда аталған тізіммен шектелмейді. Сарапшылардың пікірінше, Zappos әлемдегі ең ерекше корпоративтік мәдениетті қалыптастырған, табыс үшін емес, клиент үшін, адамдардың бақыты үшін жұмыс жасайтын компания. Ондағы әрбір қызметкер өз жұмысын сүйіспеншілікпен орындайды, көпшілікке көмектеседі, қызметін адал атқарады. Бұл қызметкерлердің өздері қалыптастырған корпоративтік мәдениет.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!