Психология

Бес «неге?» қалай көмектеседі?

Toyota компаниясының негізін салушы Сакити Тойода үнемі «5 неге?» тәсілін қолданған. Әрбір түсініксіз жағдайда ол осы тәсілді пайдаланып, дұрыс шешім қабылдаған.

Мысалы, сен өзіңе қымбат тон сатып алғың келеді. Өзіңнен «неге мен қымбат тон алғым келеді?» деп сұрайсың. Бұл – алғашқы «неге?». Жауабы: Себебі мен барлығын таң қалдырғым келеді. Енді екінші «неге?». Неге мен барлығын таң қалдырғым келеді? Себебі мен жұрттың назарын өзіме аударғым келеді. «Неге мен барлығының назарын өзіме аударғың келеді?», бұл – үшінші «неге?». Себебі мен өзімді сенімсіз сезінемін. Төртінші «неге?»: Неге сен өзіңді сенімсіз сезінесің? Себебі мен бір орнымда қалып қойдым, дами алмай, қозғалыссыз отырмын. Бесінші «неге?»: Неге сен өзіңді тұлға ретінде дамыта алмай жүрсің? Жауап: Себебі мен өзіме ұнамайтын іспен айналысып жүрмін. Енді өзіңізге тонның бұған қандай қатысы бар екенін айтып көріңіз.

Сикити Тойода бесінші «негенің?» астында біз түбіне тереңдей бермейтін бірінші себептің бар екенін осылай көрсеткен. Бесінші «неге?» жасырынып жатқан дүниені жарыққа шығарады. Бесінші «неге?» ол – сен. Бұл тәсіл арқылы сенің не қалайтыныңды, ашық айта алмайтын сырыңды, өзіңе мойындауға батылың жетпейтін құпияны білуге болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!