Табыс

Әлемдегі ең бай балалар: Youtube-та өткен балалық шақ

Әлемдегі ең бай балалар кімдер?

Әлемдегі ең бай балалар яғни ютуб арқылы алғашқы миллиондарын тапқан блогерлер жайлы барлығы біле бермейді. Олардың миллиондаған жай көрермені емес, сонымен қатар фанатттары бар. Бүгінде ұялы телефоннан мультфильм көретін әр бала әлемдегі ең бай балалар яғни «YouTube»-тың кішкентай блогерлері сияқты киінгісі, қыдырғысы келеді.

Kids Diana Show

Тізімді Диана есімді қыз бастайды. Оның арнасындағы жазылушылар саны 47 миллионнан асады. Оның қазіргі бәсекелестері әлемге анымал Кэти Перри, Рианна, Тейлор Свифт секілді әншілер. Ол бұл жетістікке бар жоғы 4 жылда жеткен. «Kids Diana Show» арнасындағы алғашқы видеолар 2015 жылы жүктелген. Ол кезде Диана небәрі 1 жаста болған. Бұл арна қазіргі уақытқа дейін шамамен 3,7-4,7 миллион доллар көлемінде табыс әкел. Түскен ақша ата-анасына АҚШ-қа көшуге мүмкіндік берген.

Бастапқы уақытта ата-анасы Диананың қызықты сәттерін таспаға түсіріп, жүктеп отырған. Біраз уақыттан соң бұл жазбалар ел арасына тарап, көрермендер саны ұлғайған. Өз арнасында Диана жас көрермендерін ағылшын тіліне үйретіп, түрлі ойыншықтар мен балалар косметикасын сынақтан өткізеді.

Like Nastya

Келесі арна «Like Nastya» деп аталады. Радзинскилердің отбасылық өмірін «YouTube» арқылы 48,8 миллион адам тамашалайды. Настяның жасы небәрі 6-да. Қазір ол Рунеттің ең танымал блогері атанып үлгерген. Арнаны жасау жайлы ой  2015 жылы туындаған. Осы уақыттан бері Настя өз отбасымен әлемдегі түрлі атракцион парктері мен көңіл-көтеру орталықтарын аралап үлгерген. Қазіргі уақытта Настяның үш арнасы бар. Ондағы жазылушылар саны күннен-күнге өсіп, көрермендер ауқымы ұлғаюда.

Vlad and Nikita

Влад пен Никитаның «Vlad and Nikita» арнасы жас көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие. Олардың «YouTube» арнасы Ресейдегі ең танымал арналардың бірі. 2019 жылы олардың көрермендер саны 14 214 957 асқан. Әлемдік рейтингте олардың арнасы Селена Гомес пен Даид Гетта, Ники Минажды басып озған. Бұл блог 2018 жылы ресми тіркелген. Бар жоғы екі жылдың ішінде олардың жазылушылар саны 35 миллионнан асып түскен. Арна АҚШ-та тіркелген: отбасы қазіргі уақытта Флорида штатында тұрады. «YouTube» арна арқылы түсетін табыс мөлшері 150 мың долларды құрайды.

Miss Katy & Mister Max

«Miss Katy & Mister Max» балалар арасындағы ең танымал арналардың бірі.  Арнаны ашу идеясы олардың әкесі Андрейге тиесілі. Бастапқы уақытта әкелері олардың серуендеуі мен ойыншықпен ойнау сәттерін түсіріп, желіге жүктей бастаған. Ең бірінші 2014 жылы Макстың арнасы ашылған. Арна арқылы пайда мөлшері өскен соң қыздары Катяға да арнап жеке арнаны ашуды жөн деп санаған. Қазір отбасы Лондон қаласында тұрады. Олардың арналарындағы жалпы жазылушылар саны 30 миллионнан асады. Ал жылдық табысы шамамен 980 мың доллар.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!