Біліп жүр

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мереке Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген

Бүгін — Қазақстан халқының бірлігі күні. Мереке Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген. Бұдан бұрын 1 мамырда Еңбек күні аталып өтетін.

Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдылықтарының бірі.

«Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанда жүз елуден астам ұлт тұрады: қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштер, белорустар, корейлер, қырғыздар және тағы басқалары. Олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасына тарихи оқиғалардың салдарынан қоныстанған: көші-қон, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау және эвакуациялау. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері де әртүрлі ұлт өкілдері жұмыс істеу үшін келіп қоныстанып жатыр.

1995 жылдан ұлтаралық татулықты нығайтуды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істеп келеді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!