Таным

Кондиционерді кім ойлап тапты?

Кондиционерді кім ойлап тапты? Ең алғашқы кондиционерлердің қазіргі түрінен қандай айырмашылықтары болды?

Кондиционерді кім ойлап тапты? Осы сұрақтың жауабын білгіңіз келген кездер болған шығар? Әсіресе, аптап ыстықта жаныңызға сая болған кондиционерді ойлап тапқан адамға сан рет рахмет айтқан да боларсыз…

Ендеше кондиционердің атасы Уиллис  Кэриер екенін біле жүріңіз. Және ол ең алғаш АҚШ-та пайда болды.

Оған дейін Дж. Шабанесс ауаны салқындату әдісін ойлап тапқан болатын. Оны арада  тоқсан жыл уақыт өткеннен кейін У. Кэриер қайта қолға алды. Екі өнертапқышқа дейін де ауаны салқындатудың бірнеше әдістері пайдаланылып келді. Ал ерте замандағы адамдардың өз тәсілдері болды.

Ең алғашқы кондиционердің тарихы

Ең алғашқы тарихы ХІХ ғасырдың он бесінші жылында Францияда Жанна Чабанеске патент берілгеннен кейін басталған болатын. Ол ауаны салқындатудың революциялық технологиясын ұсынды. Бірақ қандай да бір себептермен ол мұны тәжірибе жүзінде іске асыра алмады. Сол себепті ол теория күйінде қалып қойды.

Жиырмасыншы ғасырда инженер-конструктор Уиллис Кэриерге Нью-Йорктегі ірі баспахананың иелері ұсыныс тастайды. Оларға желдетудің жаңа жүйесі қажет еді. Өйткені бөлме ішіндегі жоғары ылғалдылықтан баспа материалдарының сапасы нашарлай бастады. Ылғалдылықтың деңгейін төмендету әрекеттерінің арқасында ауаны салқындату құралы пайда болды.

Жаңа құрылғы  әр түрлі зауыттар, шеберханалар және қоймалар арасында тез таныла бастады. Яғни өндіріс орындарында жоғары сұранысқа ие болды. Уақыт өте келе кондиционерлерге өзге де саланың адамдары қызыға бастады.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Кельн театрының басшылары ауаны салқындататын құрылғыны орнатуды қолға алды. Нәтижесінде Кельн театры Еуропадағы ең танымал орындардың біріне айналды.

Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін АҚШ-тағы Детройт дүкендер желісі салқындату әдісін енгізді. Дүкенге келушілердің санында есеп жоқ еді. Осы кезден бастап адамдар кондиционерлерге қызығып, үйлеріне орнатуға ниет білдіре бастады.

1929 жылы қазіргі заманғы сплит-жүйелерінің ең алғашқы нұсқалары шықты. Мұндай құрылым аммиакты салқындату үшін пайдалануға қажет болды. Отызыншы жылдардың басында фреонды ойлап тапты. Содан бастап кәдімгі  терезеге орнатылатын кондиционерлер пайда болды.

Кондиционер туралы сіз білмейтін қызықты деректер

Бір қызығы, ауаны салқындатудың жүйесі механика мен электр энергиясы пайда болмай тұрып жүзеге асырылып келді.

Бедуиндер белбеу немесе ер-тоқымға бекітілген арнайы су құйылған құмыраларды шалманың бос жиегіне орналастырып отырған. Су мата арқылы біртіндеп көтеріліп, салқындататын күшке ие болған.

Ежелгі Персияда үйлер мен сарайлар салу кезінде желдету жүйесіне сумен жабдықталған арнайы шахталарды қолданған. Соның арқасында тұрақты температура сақталып отырды.

Үндістанда қазірдің өзінде күн ыстық кезде кілемшелерді суға малып алып, оларды ашық есіктер мен терезелерге орналастырады. Осындай қызықты тәсілдің арқасында ғимараттың ішін лезде салқындатуға болады.

Түйелерді тірі кондиционерлер деп атасақ, қателеспейміз. Өйткені олардың мұрнындағы ыстық құрғақ ауа ішке дем алғанда ылғалданады, ал дем шығару кезінде барлық ылғал сүзіліп, ағзада қалады.

Ауаны салқындату жүйесі күн сайын жетілдірілу үстінде. Өйткені, ғалымдардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, олардың кең таралуы ыстық климатты елдерде жұқпалы аурулар мен өлім-жітімнің деңгейін төмендетуге көмектеседі.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close