Сайтты тегін жасау кез келген адамның қолынан келеді. Бұл үшін арнайы білімнің де керегі жоқ. Қажет кезде сайттың негізін өзіңіз жылдам әрі сапалы етіп жасай аласыз. Назарыңызға сайтты тегін жасауға көмектесетін қарапайым нұсқаулықты ұсынамыз.
Неден бастаймыз?
Сайт жасау үшін алдымен мына үш қадамды орындаймыз:
- Сайтқа арналған платформа таңдау;
- Домендік ат пен хостинг таңдау;
- Сайтты түрлендіру және баптау.
Платформа таңдау
Алдымен сайтты қандай платформа арқылы жасайтыныңызды анықтап алыңыз. Контентті басқаруға арналған жүйе түрлері көп. Таңдалған жүйе уақыт өткен соң сайтыңыз үшін жарамсыз болып қалмасын.
Сайтты әдемі және толық функционалды етіп барлығы жасай алады. Алайда дұрыс таңдалмаған платформа бірнеше мәселе тудырады. Кейбір платформаны қолдану HTML/CSS төңірегінде аздап білімді қажет етеді. Сайт жасауды енді бастайтындарға «WordPress» платфомасы жарайды.
Неліктен WordPress?
Біріншіден, «WordPress» платформасы тегін. Сонымен қатар мұнда көз тартатын шаблондар жетерлік.
Екіншіден, егер сіз «Word» программасымен жұмыс істей алсаңыз, контент қосу кезінде артық мәселе туындамайды. Кез келген тегін плагиндерді өз сайтыңызға қоса аласыз. Осы арқылы сайтты бір беттік визит картасына айналдыруға немесе әлеуметтік желіге ұқсас етіп жасауға болады.
Үшіншіден, «WordPress» үлкен және кішкентай сайттарға да жарай береді. Платформа кез келген веб-сайтқа арналған.
Төртіншіден, сайтпен барлық мобильді құрылғы арқылы жұмыс істей аласыз. Смартфон және планшетпен жұмыс істеу үшін қосымша дизайнерді жалдаудың қажеті болмайды.
Домендік ат пен хостинг іздеу
Сайтты іске қосу үшін домендік ат пен хостинг қажет болады. Домендік ат пен хостинг бағасы айына 3-5 долларды құрайды.
Өзге домендік атты қолданатын сайтқа қарағанда, жеке домендік аты бар сайт жақсы көрінеді. Мұның бағасы да қол жетімді.
Қандай домендік атты таңдаған дұрыс?
Веб-сайт үшін жақсы домендік ат таңдау біршама қиындықтарды тудыруы мүмкін. Домендік ат төмендегі сипаттамаға ие болуы керек:
- Көз тартарлық;
- Ерекше және қайталанбайтын;
- Оңай есте сақталатын.
Веб-сайттың баптаулары
Домендік ат пен хостингті таңдаған соң, сайтты іске қосу керек. Бұл үшін «WordPress»-ті жүктеңіз.
- Хостингтік аккаунтыңызға кіріңіз;
- Басқарма панеліне өтіңіз;
- «WordPress» немесе «Website» батырмасын табыңыз;
- Сайтты орнататын доменді таңдаңыз;
- «Қазір орнату» (Install Now) батырмасын басу арқылы «WordPress»-тегі жеке сайтыңызға рұқсат аласыз.
Сайтқа шаблон таңдау
«WordPress» арқылы баптауларды орнаттыңыз. Ендігі кезекте сайтқа визуалды әдемілік беру. Платформа автоматты түрде стандартты теманы орнатады. Мұны өзгерту үшін басқарма панельіне кіріңіз. Бұл жерде тегін 1 500-ге жуық шаблондар бар. Шаблонның сапасы жоғары болғанын қаласаңыз, ақылы түрлерін де қарап шығыңыз.
Жаңа теманы орнату үшін «Install», одан кейін «Activate» батырмаларын басыңыз.
Дайындаған: Назархан Уән