Табыс

Джон Кеннедидің бизнес туралы 13 ойы

Джон Кеннедидің кеңестері

Джон Кеннедидің өлімі америкалықтарды есеңкіреткен оқиға. Өйткені Джон сымбаты келіскен білікті басшы болатын. Кеннедидің есімі АҚШ-тың 35-ші президенті ретінде ел жадында сақталды. Balbal.kz мотивациялық сайты Джон Кеннедидің бизнес туралы айтқан пікірлерін материал ретінде назарға ұсынады.

Жетістік және сылтау

Кіріс алып келмейтін дүниемен айналысуды қойыңыз. Табыс алып келуі мүмкін салаларға ғана бас қатырыңыз.

Егер адам өз ісін пайдаға жарамсыз деп есептесе, ол өзгеріс енгізуге қорқады деген сөз. Жетістікке жету жолын іздестіргеннен сылтау тапқан оңайырақ.

Сылтау табатындар әдетте ақша табуды білмейді. Біріншісі екіншісіне үлкен кедергі келтіреді.

Кімде-кімнің сылтауы, ең маңызды дейтін себептері көп болса, демек оның ақшасы да жоқ.

Кәсіпкер және команда

Ең нашар сан – бір. Жалғыздың үні шықпас. Бизнесте бір нәрсеге үміт артуға болмайды. Оны бірнешеге бөлу керек. Мысалы, жұмыртқалардың бәрін бір себетке сала алмайсыз. Оларды аз болса да бөліп салған дұрыс.

Сізді құрметтейтін және уақытыңызды бағалайтын адамдар ғана сіздің командаңызда болуы керек. Бірақ ұзақ бірге жұмыс істеген кезде сыйластық жоғала бастайды. Сондықтан құрметті талап етуге тура келеді. Егер қызметкерлер уақытыңызды бағаламаса, сіз күйреуге ұшырайсыз.

Ең үздік спортшының өзі де күндердің бір күні екінші орынға түседі. Сізге онымен қоштасуға тура келеді. Егер сізде осындай қызметкер болса, ойланбастан қош айтысыңыз.

Сіздің қызметкеріңіздің жұмыс өнімділігіне кедергі келтіретін ең басты қауіп – телефон. Оларды ұзақ телефонмен сөйлесу және секунд сайын телефон ішін ақтару әдетінен арылта алмасаңыз, жетістікке жетуіңіз екіталай..

Кәсіп және жұмыс

Егер сіз қосымша қаражатсыз қалай пайда табуды білмесеңіз, елеулі қаржы болса да пайда таба алмайсыз.

Дүниеде кейінге қалдыра тұруға болмайтын шұғыл шаруа жоқ. Әсіресе бизнесте. Міндеттеме дегеніміз – сізді түрткілейтін нәрсе.

Уақыт – бұл әрдайым аздық ететін капитал. Жетістікке жету үшін сізге берілген уақыт мөлшерімен жұмыс істей білу керек.

Бизнесте соғыстағыдай бәрі сұралады. Кешірім мен себептер, сылтаулар сізді бай етпейді. Ал ұсыныстарыңыз клиенттерді тартады. Клиенттерсіз сіздің бизнесіңіз өледі.

Кәсіп пен жұмыс  – екі түрлі нәрсе. Жұмысты орындайды, жұмыс істейді, ал бизнесті құрады. Егер сіз жай ғана жұмыс істесеңіз, жетістіктің жемісін басқа біреу татады. Сіз не жасампазсыз, не бейбақсыз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!