Табыс

Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан нақыл сөздері

Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан нақыл сөздері табысқа жетелейді.

Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан нақыл сөздері бүгінгі күнде де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ол — америкалық кәсіпкер, McDonald’s фаст-фудтар желісінің негізін қалаушы. Оған атақ пен ақша оңай келген жоқ. Мол табысқа кенеліп, бүгінде атақты болған брендтің негізін қалайтынын ешкім білмеді. Крок ағайынды Макдональдтармен бірлесіп,  ең алғашқы McDonald’s-ты Иллинойс штатында ашты. 

Атағы шыққанға дейін ол қатардағы кәсіпкер болатын. Жұмысы жүрмей, кәсібі дағдарыстан көз ашпады. Қай істі бастаса да соңында ақыры күйреп тынатын. Бірақ ол ешқашан мойыған емес. Оның кәсіптегі сәтсіздіктерімен қатар денсаулығы да жақсы болмаған. Қант диабеті және артрит ауруымен ауыратын, оған қоса құлағының естімейтіні тағы бар. Дәрігерлер оның өт қабы мен қалқанша безін алып тастаған.

Ең алғаш McDonald’s-ты тарату лицензиясын алу үшін  оған 15 мың АҚШ доллары керек болады. Бірақ банктердің барлығы несие беруден бас тартады.

Сәтсіздіктерден көз ашпаған Рэй Крок жетістікке жете бастаған кезінде жасы 52-де еді. Өмірінің қалған 30 жылын табысты өткізген кәсіпкердің еңбек жолы өзгелерге сабақ болары сөзсіз. Өйткені ол табысқа жетудің сан мың жолын байқап көріп, сүрінсе де берілген емес. 52 жасына дейін табысқа жетеріне сенді. Ақыры мақсат-мұратына жетті. Бүгінде McDonald’s-ты білмейтін адам жоқ.

Balbal.kz сайты назарларыңызға Рэй Кроктың кәсіпкерлерге айтқан нақыл сөздерін ұсынады.

Сәттіліктер мен жеңілістер үшін әр адам өзі жауап береді

1. Кәсіп майданында сан мәрте рет жараланып, құлаған сайын шыңдалып, әрдайым шайқасқа дайын болдым.

2. Табыс қолыңнан оңай кетеді, сол себепті ештеңені күтпе!

3. Алға қарай ұмтыл: өмірде табандылықтың орнын ештеңе баса алмайды. Талантты болса да, жолы болмағандар көп. Данышпан болса да,  ойлары жүзеге аспағандар көп. Тіпті ең жоғары білім де оны алмастыра алмайды. Өйткені әлем білімді жалқауларға толы. Ең басты құдірет – табандылық пен өз дегеніңнен қайтпау.

4. Өзіңнің қорқыныштарыңды сенімге алмастыр.

5. Табыс – бұл маңдай тердің көрсеткіші. Қаншалықты көп терлесеңіз, соншалықты табысты боласыз.

6. Тәуекел болмаса, қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін мақтаныш та болмайды.

7. Егер сіз тек ақша үшін жұмыс істесеңіз, оны ешқашан жеткілікті мөлшерде таба алмайсыз. Ал егер жұмысыңызды сүйіп істесеңіз және тұтынушыларыңызды бірінші орынға қойсаңыз, мол табысқа кенелесіз.

8. Гамбургер дайындау кәсібін біз сияқты ешкім шынайы қабылдаған жоқ.

9. Мен үшін ақша — орындалған борыштың жетістігі.

10. Тұтынушыларыңызды бақылаңыз, сонда кәсібіңіз дамиды.

11. Мен өзгелерді жетістікке жетелеген сайын, өзім де жетістіктің шыңына өрлей беремін.

12. Бәсекелестерім менің жоспарымды ұрлауы мүмкін. Бірақ олар менің басымда жатқан ойымды ұрлай алмайды. Демек, мен әрдайым олардан оқ бойы озық боламын.

13. Жұмыс — өмірдің гамбургеріндегі ет.

14. Егер тәуекелшіл болмасаңыз, бизнеске тұмсығыңызды сұқпаңыз.

15. Маған жай ғана басқа мүмкіндіктерді іздеу керек болды.

16. Мен Құдайға, отбасыма және McDonald’s-қа сенемін. Жұмыста болған кезде оның реті соңынан басына қарай өзгереді.

17. Бізде бакалавр дәрежесін иеленген мамандар өте көп. Бірақ…

18. Жеңілме…

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close