Таным

Оффер жазу немесе сатылым алып келетін мәтінді құрастыру формуласы

Оффер жазу үшін белгілі бір ережелерді ұстану жеткілікті

Оффер жазу әркімнің қолынан келетін шаруа. Оффер дегеніміз ешкім бас тарта қоймайтын ұсыныс. Мұндай ұсыныс сатылыммен жұмыс істейтін кез келген салада қажет. Себебі бәріміз мәселеміздің шешімін тапқанын қалайтын клиентпіз. Кез келген жерде кез келген қызметті сатып алмас бұрын оның жарнамасына қатты мән береміз. Әсіресе, бір-екі сөйлемнен кейін-ақ «сатып аламыз ба, жоқ па?» деп шешім қабылдаймыз. Сондықтан жұмысты өрге домалату үшін оффер жазу қажет болса, «бұл менің қолымнан келмейді» деп алдын-ала бас тартпаңыз. Balbal.kz мотивациялық сайты оффер жазу ережелерін оқырман назарына ұсынады.

Оффер дегеніміз

Адамның жанды жерін анықтай отырып, оған сол мәселенің шешімі бар екендігіне көзін жеткізетін сиқырлы сөздер жиынтығы

Оффер жазудың 3 деңгейі бар:

  1. Бағаның арзандығына назар аудартасыз;
  2. Бәсекелерден ерекшелігіңіз, сіздің мықты тұсыңызды ашық айтасыз;
  3. Тауарыңыздың не сіз ұсынатын қызметтің құндылығы туралы жазасыз. Дәл сіздің көмегіңізге жүгінген адам қалай және неден ұтатынын ерекше атап өтесіз.

Осының бәрі нысанаға дөп тиюі үшін алдымен клиентіңіздің кім екендігін, анығын айтқанда мақсатты аудиторияныңызды зерттеп біліп алу қажет. Сонда ғана сіз клиентіңізді көз алдыңызға елестете отырып, оған не нәрсе қандай мақсатта қажет екендігін іштей біліп отырасыз. Оған қалай көмектесуді болатындығын оффер мәтініне кірістіресіз.

Оффер қалай жазылады?

Оффер мәтінін жазудың бірнеше дайын формуласы болады. Солардың бірі – 4U формуласы.

4U формуласы бойынша 4 нәрсе аса маңызды. Олар:

Usefulness-пайда — сатып алатын адамның көретін пайдасын анықтау. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Клиент қандай пайда көреді?

Оның қандай мәселесі шешіледі?

Неге қол жеткізеді?

Сатуды үйрететін тренерлердің аузынан түспейтін мына ұранды еске түсіріңіз: «Клиентке бұрғыны емес, қабырғасындағы тесікті сатыңыз!».

Ultraspecificity-ультраспецификасы— пайданың түрін, түсін, бағасын ашық айту;

Спецификация нақты сандарды, пайыздарды жақсы көреді. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Сіздің курсыңызды өткен адам қаншалықты табыс таба бастайды (теңгемен, доллармен алғанда)?

Сіздің консалтинг қызметіңізге жүгінген клиенттің сатылымы қаншалықты артады (пайызбен алғанда, ақшалай)?

Сізден жылытқыш сатып алған адамның үйі енді қаншалықты жылы (градуспен алғанда) болады?

Urgency-уақыт — ұсынысыңыз қаншасына дейін өзекті болатындығын ескертіп қою. «Бұл 2020 жылдың соңғы марафоны. Осыдан соң марафон өткізбеуім мүмкін» деуге болады. Клиент нәтижеге қашан қол жеткізетіндігін алдын-ала айту маңызды. «Екі-ақ курстан кейін тісіңіз аппақ болады» деп ынтықтырасыз. Сонымен қатар «алғашқы 20 клиентке тест-драйв тегін» деу де клиентті тезірек шешім қабылдауға итермелейді.

Uniqueness-ерекшелік— клиент не үшін дәл сізден осы тауарды не қызметті сатып алуы керектігін түсіндіру. Ол үшін УТП яғни тауар туралы ерекше ұсынысыңыздың болуы шарт. Ондай ұсынысты жасай білу үшін де клиенттің кім екендігін, оған не қажеттігін білу керек. Мысалы, «Додо» пиццаларына тапсырыс берерде мынандай жазуға көзіңіз түседі: «Пицца 7 минут дайын болмаса, ақшаңызды қайтарамыз».

Оқи отырыңыз: Іскерлік хат алмасу ережелері/box]

4U формуласы бойынша мәтін жазамыз

Формуланы қолданып, мәтін жазуды үйренеміз. Мысалы, сіз көлік майын сатумен айналысасыз делік. Демек былайша оффер жазсаңыз болады:

Инновациялық көлік майының көмегімен 3 айдың ішінде шығындарыңызды 28%-ға азайтыңыз.

Пайда – шығындарыңызды азайтыңыз;

Спецификалық – 28%-ға;

Уақыт – 3 айдың ішінде;

Ерекшелік – инновациялық көлік майы.

Ең бастысы, мәтініңізді тым ұзақ қылмаңыз. Бұдан да қысқаша қылуға барыңызды салыңыз.

Оффер мәтінін жазу үшін 4U формуласының төртеуін де қолдану міндетті емес. Біреуін басшылыққа алсаңыз да жетеді.

Оффер жазуға көмектесетін 2 формула

Уәде + нақты ерекшелік + күмән мен қарсылыққа тойтарыс беру + нақты уәде

Бұл жерде сізден тауар алатын, қызметіңізге жүгінетін клиенттің көретін пайдасына назарын аудартып, күмәндарын сейілту мақсат.

Мысалы:

Жарнамалық бюджетіңізді ұлғайтпайақ 2 аптада жарнамаңыздың тиімділігін 2 есе арттырамыз.

Оффер жазуға көмектесетін №3 формула

Сұрақ (қашан, қалай, неге, не үшін) + нәтиже+ уақыт+ амалы

Нені қаншаға сатып алатындығын ғана емес, қызмет қалай көрсетілетіндігін айту қажет.

Мысалы:

Сату сүзгісі (воронка) арқылы 30 күннің ішінде 1000 клиентті тарту жолдары.

Оффер жазуға көмектесетін №4 формула

Уәде+ сан + нәтиже + уақыт

Уәдені нақтылаумен қатар қызметтің қашан көрсетілетіндігін ашық көрсету керек.

Мысалы:

Инвестицияңызды 8 күнде қайтарып алудың 6 амалы.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close